Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әрбір жауапкершілік– ортақ қауіпсіздік

Әрбір жауапкершілік– ортақ қауіпсіздік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі мәлімдемесі үміт пен күдік құшағында жүрген барша қазақстандықтарға зор сенім сыйлады. Себебі карантин кезінде халықтың басым бөлігі төтенше жағдайдың қашанға дейін жалғасатынын білмей алаңдап жүргені жасырын емес. Бұл сайып келгенде халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жағдай. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді.
«Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Осы негізде Президент 4 миллион 250 мың отандасымызға қаржылай көмек көрсетіліп, 570 мыңнан астам азамат азық- түлікпен толыққанды қамтамасыз етілгенін айтты. Мұның барлығы жасалып жатқан игі істердің бір көрінісі ғана. Карантин кезінде әрбір отбасының оқшау­лануы ортақ қауіпсіздіктің кепілі. Әлемді әбігерге салған індеттің белең алып кетпеуі үшін осындай шараның қабылдануын дұрыс түсіне білуіміз жөн. 
Қалыпты жағдайға көшетін күн де алыс емес. Астана мен Алматы арасындағы әуе рейстері мамыр айынан бастап бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Бұл қуантарлық жағдай. Әрине, қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс. Бұл – халықтың алдағы күнге деген сенімін арттырады.
Сыр өңірінде де аталмыш аурудан айыққандар қатары күн санап артып отырғаны күпті көңілді сейілтті. Еліміздегі ахуалдың тұрақты қалыпта сақталуына, науқастардың дер кезінде анықталып, ем алуларына ақ халатты дәрігерлердің және әскери, полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Оны Президент Қ.Ж. Тоқаев та айрықша атап өтті.
Алдағы уақытта ортақ күш-жігерімізді біріктіріп, біз де қолдау көрсетуіміз керек. Ол – отбасында оқшаулану. Мұны әрбір саналы азамат түсініп, қолдау білдіреді деп санаймын. Біз күткен бұрынғы мамыражай тірлігіміз мамыр айында жалғасады деп үміттенеміз. Осы ретте Жиренше шешеннің «Өз үйім өлең төсегім» деген сөзін санада сақтап, үкімет айтқандай, үйімізде болуымыз керек. Бірлігімізді танытатын сындарлы сәтіміз осы.
Есенжол НАЗАРОВ,
«Nur Otan” партиясы «Тұран» филиалы төрағасының
бірінші орынбасары
27 сәуір 2020 ж. 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам