Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өңірде карантиндік шаралар кезең-кезеңімен жұмсартылады

Өңірде карантиндік шаралар кезең-кезеңімен жұмсартылады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдегі коронавирус індетіне байланысты жарияланған Үндеуінен туындайтын тапсырмалар қаралды.
Бүгінгі күні облыста коронавирус инфекциясымен 183 адам тіркелген. 110 тұрғын жазылып шықса, 73 науқас стационарлық емін жалғастыруда. Облыс бойынша провизорлық стационарда 245 төсек орын, карантиндік стационарда 920 төсек орын әзірленген. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2020 жылдың 14 сәуірдегі №33 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес Коронавирусты инфекциясына тексерілетін 4069 контингенттердің тізбесі бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының Үндеуіндегі тапсырмасына сәйкес облыста карантин режимін кезең-кезеңімен жұмсартуды тапсырды.
«Жалпы, коронавирус індетімен күрес шаралары менің күнделікті жеке бақылауымда. Бұған дейін де тиісті нақты тапсырмалар берілген. Сондықтан, бірінші кезекте, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үндеуінде айтылған тапсырмалардан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етіңіздер»,- деді өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.
Карантин режиміне қарамастан асыраушы сала саналатын ауыл шаруашылығы құрылымдары жаппай егін егу науқанына қызу кірісті.
Атқарылып жатқан дала жұмыстары туралы облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов баяндады.
«Жалпы облыс бойынша 183,1 мың гектарға егіс орналастыру межеленген. Негізгі дақыл - күрiштің көлемі 88,2 мың гектарға жоспарланған. Алайда, суармалы су тапшылығы болжамына сәйкес, аудандармен бүгінде күріш егісі 2100 гектарға азайтылды. Егістікке қажетті минералдық тыңайтқыштар мен тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы техникалары толықтай дайындалып, егіс егу науқанына қатысуда. Карантин енгізілген Шиелі ауданы бойынша да көктемгі егін егу жұмыстарының барысы бақылауда», - деді Бахыт Жаханов
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Оның сәуір және мамыр айларына бөлінген 10750 тонна дизель отынының бағасы әр литрге 162 теңгеге арзандатылды.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері және тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына егін жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы атқаруды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

28 сәуір 2020 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам