Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоқаев: Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді

Тоқаев: Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді


Жағдай күрделеніп кетпесе төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
«Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр. Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз. Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бірақ карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді. Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

05 мамыр 2020 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам