Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жігіттің жігерін жанитын жол

Жігіттің жігерін жанитын жол

Ертеректе бір ауыл қариясынан естіген осы бір аңыздай әңгіме мені тәнті етті.  Оның мазмұнында терең мән жатыр. «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» деп құсты ұшырып жіберіп, ол қанат қаққан жаққа қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, оны босатып жібереді. Ал әлгі құс ұшып шығып, бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада оның ұясы бар екен. «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды әлгі кісі. Шынында да адам түгілі құстың да отаны бар. Ал адамзат баласы үшін бауыр басқан отан оттан да ыстық. Сол қасиетті мекенді қорғап,  оның қыран қанатты перзенті атанып, әскер қатарында болу –  әр адамның уысына түсе бермейтін үлкен бақыт. Қала тұрғыны Нұрдәулет Пазылбеков әскер қатарында болып, сарбаз атанғанын мақтаныш тұтады.  Ол отан қорғауды әр азаматтың абыройлы борышы деп санайды.   Мектепті тәмамдағаннан кейін сыныптастары түрлі оқу орындарын таңдап, мамандық алуға талаптанып жатқанда, ол көп ойланбай әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп келуге бекінді. Отан қорғау аманаты бабаның,
Өсиеті ақ жаулықты ананың.
Азаматтық борышымды өтеуге,
Ел қорғауға мен аттанып барамын, деп тебіренген Нұрдәулет 2017 жылы Қарағанды облысындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімге сарбаз боп, сапқа тұрды.  Құпиясы мен қиындығы мол әскери өмір де басталып кетті. Алғашқы кезде еркіндікке үйренген өмірден, қатаң әскери тәртіпке қалыптасу қиын тиді.  Дегенмен, келе-келе шыңдалып, ыстық-суыққа, қиын жаттығуларға  шыдап, бойда қайрат пайда болған.  Жаяу әскер болып, күзгі суықтарда ағын сулардан автомат асынып жүзіп өткен. Кескілескен соғыс болмаса да, жауынгерлік қиын жаттығу сарбаздарды сан сынақтан өткізіп, қайсарлық пен өжеттікке қалыптастырған. 
Әскери өмірдің мектебі менің бойымда сергектік пен сабырды, төзім мен қайсарлықты қалыптастырды. Жүрегі елім деп соққан әрбір азамат қиындыққа қарсы тұрып, отан қорғау үшін сарбаздықтың сара жолынан өту керек, – дейді Нұрдәулет.
Шынында да,  ел қорғаны болу – асыл мұрат. Ал, мұратқа  жету үшін ер жігітке намыс керек. «Болат қайнауда, намысты ерлер майданда шынығады» деген бәлки осы болар.
                                                                             Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ
05 мамыр 2020 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам