Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Отан күзету – қасиетті борыш

Отан күзету – қасиетті борыш

  Бүгін  облыс орталығында жас жерлестерімізді салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні 18 азамат Қазақстанның қарулы күштер қатарына алынды. Облыстық жұмылдыру пункті алаңында өткен жиынға болашақ әскерилердің ата-аналары да шақырылған.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне жөнелтуге жасақталған команданы өзі шығарып салды.
– Сіздер бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат еткен жері мен ел тыныштығын күзету – қасиетті борыш. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы – бізді қорғады» деген болатын. Тарихта қайсар мінезімізбен танылған елміз. Осы ретте, жауға тайсалмай тойтарыс берген Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа, Есет, Бұқарбай, Сартай сынды дарабоз батырлардың көзсіз ерліктері әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз,  – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы жас ұландарға жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік деңгейде атқарады деген зор сеніммен табыстады.
Сонымен қатар, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Меңділдә Ршауов азаматтарға абыроймен елге оралуға тілектестік білдірді.
Айтолқын Айтжанова.

03 сәуір 2019 ж. 1 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам