Коронавируспен ауырғандарды қандай дәрі-дәрмектермен емдеп жатыр
Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты емдеу үшін «Гидроксихлорохин» дәрісі қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда Covid-19-ды емдеу протоколына сәйкес энтеровирусты препараттардан бастап антибиотиктерге дейін бірқатар препарат қолданылады. Олар өз нәтижелілігін көрсетті. Аталған дәрі-дәрмектердің бәрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымымен алынды. Апта сайын жаңа дәрі-дәрмек қосылып, кейбірі қолданыстан алынып жатады», - дейді ДЗСҰО Бас директоры, Басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирусты емдеу үшін «Гидроксихлорохин» дәрісі қолданылады. «Бұл препарат ауырып жатқандардың белгілі бір тобына жақсы әсер етуде. Бәрі де оны дұрыс тағайындап, дұрыс мөлшерде қолдануға байланысты», - дейді ол.