Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Полиция департаменті Ұлы Отан соғысы ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Полиция департаменті Ұлы Отан соғысы ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан ардагерлерге құрмет көрсету кейінгі ұрпақ парызы. Теңдессіз ерліктің күшімен өскелең ұрпаққа бейбітшілік әкелген Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы бастаған қызметкерлер тобы Ұлы Отан соғысының ардагері Бержанов Махамбет ақсақалды құттықтау үшін Сырдария ауданына барды.
Бүгінгі күні Ұлы Отан Соғысының ардагері Бержанов Махамбет Сырдария ауданында тұрады. Соғыс кезінде Забайкал әскери округі 36-шы армиясының 293-ші атқыштар полкінде Чита облысында әскери борышын атқарған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында «Жапонияны жеңгені үшін» I дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес милициясына - 50 жыл» медальдарымен наградталып, «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Отставкадағы милиция полковнигі Бержанов Махамбет Бержанұлы 1925 жылы Жалағаш ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген.
1948 жылы майданнан оралғаннан кейін, осы жылдың маусым айынан бастап, 1953 жылдың наурыз айына дейін Жалағаш және Қармақшы аудандық милиция бөлімінің кіші жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
Одан кейін 1954 жылдың маусым айына дейін КСРО ІІМ-нің Алматы қаласындағы мектебінің тыңдаушысы болған. 1954 жылдың маусым-тамыз айлары Арал аудандық милиция бөлімінің № 585 арнайы комендатурасының коменданты, 1963 жылдың ақпан айына дейін Арал және Жалағаш аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі, сонан соң Сырдария аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі және Сырдария аудандық милиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
1975 жылдың мамыр айынан бастап, Қармақшы АІІБ-нің бастығы лауазымында қызмет атқарып, 1983 жылдың мамыр айында шекті жасқа толуына байланысты ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шыққан.
Бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі ардагер Бержанов Махамбет немере-шөбере сүйген ардақты ата. 95 жастағы қария қазақ елінің болашағына зор сеніммен қарайды.
Ардақты ардагерді арнайылап құттықтап келген Бектөре Жеңісбайұлы «Ұлы Отан соғысы кезінде майданға аттанған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі өлшеусіз. Оларға лайықты құрмет көрсету біз үшін парыз. Болашақ ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман, ашық аспан, теңдесі жоқ ерліктеріңіз үшін жеке құрам атынан алғысымды білдіре отырып, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болсын!» деген жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлы да құттықтау сөз сөйлеп, департамент қызметкерлері дайындаған сый – сияпаттарын табыстады.
Қызылорда облысының Полиция департаментінде Ұлы Отан соғысының 2 ардагері, оларға теңестірілген 2 ардагер және 11 тыл еңбеккерлері қызмет атқарған.
Ерлікке тағзым ету жас ұрпақтың қастерлі борышы. Бүгінде қатарлары сиреп қалған ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазыналы қарттарымыз қандай да болмасын зор құрмет-қошеметке лайық.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі







































08 мамыр 2020 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам