10 мамырға арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Бүгін жақындарыңыз қуана-қуана сіздің айтқандарыңызды істейді. Ең бастысы қандай мақсат көздеп отырғаныңызды білсеңіз болды. Шыдамдылық пен табандылықтың арқасында адамдардың сеніміне кіресіз. Енді келесі мақсатыңызды айқындап алыңыз.
Торпақ
Бүгін сізге ұсыныс тастағандардың идеялары сіздің көңіліңізден шыға бермейді. Бірақ оны бірден оларға айтудың қажеті жоқ. Сонымен қатар бүгін көзге көп түспегеніңіз жөн. Кпөшіліктің арасында жүргеніңіз өзіңізге жақсы. Қызбалыққа салынбай, көңіл-күйіңізді қадағалаңыз.
Егіздер
Бүгін жұмысыңыз сәтті аяқталсын десеңіз, достарыңыздың, таныстарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Әсіресе бірлесе шешуді талап ететін істерде еш қысылмаңыз. Сонымен қатар бүгінгі күн сіз үшін өте қолайлы күн, бірақ біраз тер төгу керек болады.
Шаян
Сіз бұрын айтқан идеяны айналаңыздағылар қабылдамаса, уайымдамаңыз. Оларға жай ғана уақыт қажет. Алға қойған бағытыңыздан таймаңыз. Тек идеяңызды достарыңызға, әріптестеріңізге тағы бір қайталап түсіндіріп көріңіз. Сонда ғана ешкім сізді өз бетіңізше әрекет етті деп айыптамайды.
Арыстан
Сіз үшін өте сәтті күн. Бүгін жақсылық атаулының барлығы сіздің жаныңыздан табылады. Бәлкім, жақындарыңыз жобаларыңыздың бірін жүзеге асыру үшін көмегін ұсынады. Бастысы жақындарыңызға сол көмектері үшін рахмет айтуды ұмытпаңыздар.
Бикеш
Жұмыста да, жеке қарым-қатынаста да жаңа таныстар табасыз. Өзгерістерден қорықпаңыз, олар жаңа сезімдер әкеледі. Өміріңіздің жаңа парағын ашыңыз. Бір есікті ашу үшін екіншіні жабу керек. Сізді жақсы жаңалықтар күтіп тұр.
Таразы
Бүгін жұмыста туындаған қиындықтарды қаншалықты шешуге талпынсаңыз да, жұлдыздар олардың бәрін кейінге қалдыруға кеңес береді. Сонымен қатар сізге қатысы жоқ дауға араласпаңыз. Әйтпесе өзіңіз опық жеп қалуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Бүгін сіз көп сөйлеп, елдің мазасын аласыз. Әңгіменің турасын айта алмайсыз. Сондықтан өзіңізді қолдайтын адам табу қиын болады. Соңғы кездері жақындарыңыздың көмегіне көп сенген боларсыз, бірақ бүгін бәрінің өз жоспарлары бар.
Мерген
Жетістікке жету мүмкіндігіңіз бар, сондықтан жолыңызда қиындықтар туындаса оларды шешуге тырысыңыз. Бүгінгі күннің басты қиындығы, айналадағы адамдармен болатын түсініспеушіліктер болып тұр. Кикілжіңдердің алдын алып отырғаныңыз дұрыс.
Тауешкі
Егер бүгін ұсынылған іс немесе ортақ жобаға қатысты қандай да бір күмәніңіз болса, бірден бас тартыңыз. Не болмаса біраз ойланып, шешімді ертең қабылдаңыз. Уақыт өте келе күмәніңіз сейілмесе, күшіңіз бен қаржыңызды жұмсайтын басқа іс таба аласыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн тыныштықта өтеді. Қиындықтар мен жайсыздықтар болмайды. Істеген істеріңіздің барылығы өзіңіздің немесе өзгелердің пайдасына жарайды. Бүгін маңызды шешім қабылдайтын күн емес. Жұмыста да белсенділік танытпаған жөн.
Балықтар
Бүгінгі күн сізді кәсіпті немесе ортақ мүлікті басқаруға қатысты жақсы жаңалықтармен қуантады. Барлық іс өз ретімен шешіледі, сіз әуреге түспейсіз. Жұмысты аяқтау үшін қандай да бір әрекет жасау керек деп ойлап жүрсеңіз, жақындарыңыз көмектесетін болады.