Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ

ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ

   Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қонаққа келді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар театрдың орындауында «Өзбекше би» қойылымын тамашалады.
Қойылымда өзбек жігітін ұнатып, жақсы көріп қалған орыс қызының тағдыры туралы баяндалды. Өмірлік серігінің, қайын енесінің мейірбандылығының арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, салт-дәстүрлерін үйреніп, нағыз өзбек әйеліне айналғандығы көрсетілді. Сондай-ақ, адамзатқа ортақ құндылықтар паш етілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шарада Шымкент қаласынан ат терлетіп келген өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов өңіріміздегі өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Алғыс хат табыстады.
Шараның соңында қатысушылар концерт тамашалап, көңілді кеш сыйлаған Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрына алғысын білдірді.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.
11 желтоқсан 2017 ж. 1 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам