Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған тұрғыннан 254 келі балық тәркіленді , – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арал ауданы «Қаратерең» ауылының тұрғыны «Ақлақ» су бөгетінде заңсыз балық аулау үстінде табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлерінің қолына түсті. Облыс көлемінде 1-31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында арнайы мобильдік топ құрылған. «Заңсыз балық аулаған тұрғыннан резеңке қайық, ау және 254 келіден астам балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда балық ресурстарын заңсыз алу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұдан бұрын Қызылордада жергілікті тұрғын ауылдасының өліміне себепші болды.