Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

   Облыс әкімдігі аппараты мәжілісінде өңірде балық шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды.
2017 жылдың 9 айында табиғат заңдылығының сақталуына бақылау жасау мақсатында 422 рейдтік шаралар жүргізіліп (75 бірлескен рейд), заңсыз балық аулағаны үшін 438 заң бұзушылық тіркеліп, оның 438-не хаттама толтырылды, 95 іс сот органдарына, 3 іс Ішкі Істер органдарына жолданды. Балық аулау ережесін бұзғаны үшін 438 тұлғаға 4 млн 206 мың теңге айыппұл салынып, оның 3 млн 911 мың теңгесі өндірілді (өндірілуі 93 %). Табиғатқа келтірілген залал 864 мың 400 теңге, өндірілгені 769 мың 300 теңге (өндірілуі 89 %). Өндірілмеген залалдар бойынша сот орындарына жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Балық аулау ережесін бұзушылардан 115 дана балық аулау құралдары және 3 тонна 122 кг балық тәркіленіп, одан 428 мың теңге бюджетке түсірілді, балық шаруашылығының су айдындарында балық қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз етпегені үшін 5 дерек бойынша табиғат пайдаланушыларға ҚР ӘҚбтК-нің 385 бабының 1 бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, толықтай өндірілді.
31 қазан 2017 ж. 1 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам