ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОМПАНИЯ – «АЛТЫН САПА» ИЕГЕРІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптаның сейсенбісінде индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру және «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының ең маңызды нысандары таныстырылды.
– Индустрияландырудың ең маңызды жобаларын іске қосу жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Біз бүгін металлургия, өнеркәсіп, құрылыс материалдары, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша 25 жобаны іске асыруды бастадық, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды индустрияландыру бағытын ұстанғанымыздың дұрыс болғанын және оның уақыт талабына сай екенін атап өтті. Іс-шара соңында Қазақстан Президенті «Алтын сапа» байқауының сыйлықтарын тапсырды. «Үздік азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлығы – «Абзал және Компания» толық серіктестігінің директоры М.Ералиевке берілді.
Компания 1994 жылы Қызылорда қаласында құрылған. Алғашқы 9 жылда күріш сатумен айналысқан. 2003 жылы компания дамуының маңызды кезеңдерінің бірі басталды. Облысқа қарасты Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарының әр қайсысынан 600 гектар жерге күріш егуді бастады және жыл өткен сайын егістік көлемін арттыра береді.
Бүгінде Компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» ақ күріштерін, «Камолино» күріш жармасын түр-түрімен, күріш ұсағы, күріш жемі, туралған және туралмаған күріш қауызын өндіреді. Өндірістің ең көп ауқымды бөлігін «Янтарь», «Лидер» ақ күріштері және «Камолино» күріш жармасының түрлі сұрыптамасы құрайды.
«Абзал және К» толық серіктестігі өз өнімдерін Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады.