Бас мүфти мешітке келетін жамағатқа үндеу тастады

«Алла қаласа 18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әр облыстағы карантин жағдайы әртүрлі. Бас санитарлық дәрігердің карантин режимін кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысын ұстанудамыз. Сонымен қатар өңірлердегі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Осыған орай облыстағы мешіттеріміздің ашылуы – сол өңірлердегі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жүзеге асырылады», – деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
«Жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. Қасиетті кітабымыз Құранда «Қиындықпен бірге жеңілдік бер. Алла сіздерге жеңілдікті қалайды» деген. Аллаға шүкір, елімізде ТЖ режимі аяқталып, халқымыз қалыпты өмірге ауыса бастады. Алайда карантин талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларын аса мән беруіміз керек», – деді ол.