Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды

Қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мереке қарсаңында 4 баланың анасы Гүлнар Қалибаеваға баспана кілтін табыстап, отбасын қуанышқа бөледі.
Гүлнар осыдан бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылып, 4 баламен жалғыз қалған. Асыраушысынан айрылған отбасының тұрақты баспанасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрып келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған.
Бұл жанұя туралы алғаш болып жергілікті журналистер мен қайырымды жандар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған. Осы жағдайдан кейін, облыс әкімінің тапсырмасымен көпбалалы ана әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, бүгін тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды.
Отбасы мерекесі қарсаңында баспана бақытына бөленген Гүлнар мен балалары аймақ басшысына шексіз алғыстарын білдірді.
16 мамыр 2020 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам