"Мың теңгеге баспана" игілігі

– Алла берген алты балам бар. Кенжем – туа бітті мүгедек. Қанша қиындық кездессе де, осы көзге көрінген балаларым үшін күресіп келемін. Осылардың ризығы шығар. Бүгін ойда жоқта баспаналы болып жатырмын. Тосыннан үлкен сый жасаған барша қайырымды жандарға алғысым шексіз. Бұған дейін уақытша үйде тұрып келгенмін. Осы күнді көптен армандадым. Ендігі мақсатым – балаларымды ел үшін қызмет ететін азамат етіп тәрбиелеу, – дейді қуаныштан көз жасына ерік берген ана.
Облыста көп балалы аналарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы тұрғыда алтын құрсақты аналарды ардақтауда, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыруда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің де елеулі еңбегін өнеге етіп өткен жөн. Мәселен, бұған дейін бір "Харекет" қайырымдылық қорының өзі ел бойынша тұрмысы төмен 71 мұқтаж жанның қоныстойын тойлауынаа себепші болып, қуанышына ортақтасып отыр. Ал, олардың ішінде Ұлжамал – баспанаға ие болған бесінші қызылордалық. Айта кетейік, мұның алдында ғана тұрмысы төмен көп балалы ана Ілімжауһар Мейірбековаға пәтер кілті орталық алаңдағы жаңа жыл кешінде табысталған еді.
Бағлан Тілеубергенова.
Бті.