Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
"Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі.
Төртінші кезеңге,яғни 18 мамырдан бастап іске қосылатын орындарға қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік,авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады", - деді Әлия Әбіқайымова.
Жоғарыда аталған нысандар тек шектеулі уақытта ғана қызмет ететін болады. Сондай-ақ, азық-түлік сататын дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-22.00-ге дейін ұзартылды. Ал тұрғындар қалаішілік такси қызметін 07.00-23.00-ге дейін пайдалана алады. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтап, ережеге бағынуға міндетті.
Қазіргі таңда аймақта ахуал тұрақты. Құрметті қызылордалықтар, өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыздар!
18 мамыр 2020 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам