Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СТУДЕНТТЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

СТУДЕНТТЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

  Қызылорда қаласы гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің оқу-жаттығу алаңында болды.
Іс-шара барысында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Зұлқарнай Салмырзаұлы колледж студенттеріне төтенше жағдай туындаған кезде және адам зардап шеккен кезде қолданылатын әр түрлі қауіпсіздік, апаттық - құтқару құралдарын мен құтқарушы көліктерін таныстырды
Сонымен қатар, студенттер адамдарды жер сілкінісінен кейін үйінді астынан, қар үйіндісінің арасынан жылдам таба білетін құтқарушы иттердің жаттығуларын өз иелерінің бұйрықтарын бұлжытпай орындайтынын тамашалады. Колледж студенттері осындай іс-шаралар олар үшін өте қызықты және танымды екенін айтып алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, студенттерге Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқуға түсу және қабылдау ережелері мен білім алу шарттары туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, институттың тыныс тіршілігі туралы толық ақпарат берілді.
17 қараша 2017 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам