Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды

Қызылордада бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды

Қызылорда облысында бір отбасының үш адамы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам тіркелді . Олардың 7-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 1-і Арал ауданында тұрады. Науқастар 2004, 2007 жылы дүниеге келген ер, 1946, 1970, 1971, 1976, 1983, 1992 жылғы әйел адамдар.
«Вирус жұқтырған тұрғындардың үшеуі – бір отбасы мүшесі. Олар Қызылорда қаласында тұрады. 6 науқастан ПТР анализдері вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты сынама алынған. Қалған 2 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде оң нәтиже көрсетті.
Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 297 адам тіркелген. Оның ішінде 228-і сырқатынан жазылып шықты .
26 мамыр 2020 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам