Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада үш күн бұрын суға кеткен баланың мәйіті табылды

Қызылордада үш күн бұрын суға кеткен баланың мәйіті табылды

Қызылорда қаласында үш күн бұрын каналға суға ағып кеткен он жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Естеріңізге сала кетелік, Оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды.
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен. Баланы іздестіруге 53 адам жұмылдырылды. «Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына жергілікті тұрғыннан жергілікті уақытпен сағат 17.38-де қалаға қарасты Абай ауылы тұрғынынан хабар келіп түсті. Онда «Ешпан» күріш алқаптарын суармалы каналында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған. Ол Тасбөгет кенті аумағындағы каналдың суға түсуге арналмаған аумағында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің мәйіті екені анықталды. Мәйіт Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыста 7 адам суға кетті. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала. «Аймақта әлі суға түсу маусымы басталған жоқ. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді департамент мамандары.

27 мамыр 2020 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам