Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада түйе сүтінен ұнтақ шығарылмақ

Қызылордада түйе сүтінен ұнтақ шығарылмақ


Сыр өңірінде түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында 2025 жылға дейін өңірде жалпы құны 551,2 млрд теңге болатын 23 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Жоба аясында 6400 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Сондай-ақ, осы жылы 44,2 млрд теңге сомасындағы үш жобаның құрылысы басталды» деп атап өтеді әкімдіктен.
Атап айтқанда, «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС Арал ауданында қуаты жылына 4 мың тонна балықты терең өңдейтін зауыт іске қосады. Жоба құны - 160 млн теңге. Оның аясында 100 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Ал «Қармақшы құс» ЖШС Қармақшы ауданында қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба құны - 1,9 млрд теңге, өндірісте шамамен 50 адам жұмыспен қамтылады.
Үшінші жоба - Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт құрылысы. Жобаны «Orda Glass» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың жылдық қуаты -197,1 мың тонна. Ал, құны - 42,1 млрд теңге. Зауыт іске қосылған уақытта 226 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Арал ауданында «Qazaq Camel» ЖШС түйе сүтінен жылына 130 тоннаға дейін ұнтақ өндіретін зауыттың құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастады. Жобаның құны - 1,5 млрд теңге. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтиды.
«Осы жылдың екінші жартыжылдығында тағы екі жоба іске асады. Атап айтқанда, Арал ауданында қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жобаны «Арал Сода» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның құны - 93,5 млрд теңге. Зауытты пайдалануға беру арқылы 699 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік ашылады. «ABK Prom Service« ЖШС Қызылорда қаласында жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы - жылына 300 шақырым құбыр шығару. Құны - 1,8 млрд теңге болатын зауыт шамамен 80 адам жұмыспен қамтиды» деп атап өтеді өңір әкімдігінен.

03 маусым 2020 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам