Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұғалімнің құқын бұзған мектеп директорлары жауапқа тартылды

Мұғалімнің құқын бұзған мектеп директорлары жауапқа тартылды


   Биыл сәуірде педагогті кәсіби қызметіне қатысы жоқ әртүрлі жұмыстарға тартуға жол бермейтін, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа нормалар күшіне енді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша бірқатар шара қабылдады. 
Педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттерін жүктеу фактісі бойынша Қостанай облысындағы орта мектеп директорына "ескерту" түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, - делінген хабарламада.
  Нәтижесінде, бүгінге дейін Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының екі мектебінің директорларына мұғалімдерді оқу кабинеттерін жөндеуге тартқаны және педагогтерден ҚР заңнамасында көзделмеген есептілікті талап еткені үшін "ескерту" түріндегі әкімшілік жаза қолданылған болатын.
   Сонымен қатар, Жамбыл облысында мектеп мұғалімінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздермен қорлау жағдайы анықталған еді. Аталған құқық бұзушылық үшін бесінші сынып оқушысының ата-анасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
   Осылайша, білім беру саласындағы уәкілетті орган педагогтердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын азаматтық және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолданады.
   ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда орналасқан жері бойынша аумақтық департаментке хабарласу қажет.
04 маусым 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам