Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс 18 пайызды құраған

Қызылордада кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс 18 пайызды құраған

  Білім және ғылым министрлігі балалардың арасындағы төбелес пен әлімжеттікпен күреседі. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке кіргізуге тыйым салынатын заттардың тізімін әзірлеуді тапсырды. Ереженің сақталуына оқушылардың ата-анасы жауапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында осындай шешім қабылданды. Шешімнің бекітілуіне соңғы уақытта еліміздің бірнеше өңірінде білім беру ұйымдарында және одан тыс жерлерде оқушылар арасында жаппай төбелес, ұрып-соғу және қорлау оқиғаларының жиілеп кетуі себеп болып отыр. Өкінішке қарай, төбелес салдарынан Ақтөбе облысында бір бала көз жұмды.
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша өткен жылы балалар арасындағы қылмыс саны 2017 жылдың деңгейінде қалған.
"2017 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны Атырау облысында 39,6%-ға, Алматы қаласында 33,5%-ға, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында 18%-ға, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 11%-ға, Түркістан облысында 7,8%-ға артқан", — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы жасөспірімдердің қатысуымен болған оқиғаларды құқық қорғау органдарынан жасырғаны немесе дер кезінде хабарламағаны үшін білім беру ұйымдарының 170-тен астам қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Қалыптасқан жағдай балалар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап етеді. Мектепке кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімін бекітіп, бұл ретте ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды тапсырамын. Барлық өңір балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқиға болған кезде жедел әрекет ету маңызды", — деді Сағадиев.
Сондай-ақ, мектеп инспекторларының оқу орнында тұрақты болуын электронды бақылау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.



07 ақпан 2019 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам