Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтін табыстады

Облыс әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтін табыстады

     Бүгін Қызылорда қаласында қос қуаныш. Бірі – ел мерейі ҚР Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілсе, екіншісі – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуы. Мереке қарсаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 4 жаңа тұрғын үй азаматтарға «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында берілді.

    «Тәуелсіз еліміздің елдігін, мемлекетіміздің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтарымыз Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде Сіздердің қуаныштарыңызды бөліскелі тұрмыз. Соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша тұрғын үйлердің құрылысына 45,4 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 398 мың шаршы метрді құрайтын 141 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Демек, соңғы 3 жылда 5 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. 20 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде өңірімізде 1 186 пәтерді құрайтын 81 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін міне, сол жағалауда жаңа тұрғын үйді пайдалануға береміз. Қоныстарыңыз құтты болсын», - деді аймақ басшысы.

     Шара барысында аймақ басшысы қоныс тойын тойлап жатқан Өтеповтер әулетінің шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері Алмагүл Өтепова Гүлшара Әбдіқалықоваға тұрғындар атынан алғыс білдірді. «Бүгін жаңа пәтеріміздің кілтін алып қуанышқа бөленудеміз. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс айтқым келеді. Аймақ басшыларына ризашылығымды жеткіземін. Қуанышты күндеріміз көп болсын», - деді А. Өтепова.

   Айта кетейік, бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегінде 25 мың 142 адам тіркелген, оның ішінде 2591-і көп балалы отбасы.

     Соңғы 3 жылда пайдалануға берілген 141 көпқабатты тұрғын үйдің жаңа қаладағы үлесі – 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық баспана. Сондай-ақ, несие бағдарламасы бойынша 240 пәтері бар 4 көпқабатты тұрғын үй тапсырылған. Ал, жеке құрылыс компанияларының есебінен 604 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.
     Жыл соңына дейін 680 пәтерлік арендалық 14 көпқабатты үйдің және несие бағдарламасы бойынша 590 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражатына 86 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Ақмешіт ақпарат
04 маусым 2020 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам