Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министр митинг өткізуге қарсылық білдірді

Министр митинг өткізуге қарсылық білдірді

     
       Денсаулық сақтау министрі қазіргі жағдайда митингіге үндеу – халықтың өміріне қауіп төндіретін шараға жинаумен бірдей екенін атап өтті. Митингіде коронавирус тез таралып кетуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
     "Карантин әлі біткен жоқ. Көпшілік шараларға тыйым салынған. Себебі инфекцияның таралу қаупі бар. Сондықтан заң талаптарын орындау қажет. Ал заң бойынша пандемия кезінде бас санитар дәрігердің талаптарын міндетті түрде орындау қажет. Оны бұзғандарға әкімшілік шара қарастырылған", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте.
      Осы орайда министр митинг ұйымдастырушыларға ондай шараларды кейінгі шегеруге кеңес берді. Себебі қазіргі жағдайда митингіге үндеу халықтың өміріне қауіп төндіретін шараға жинаумен бірдей болады.
"Ондай жерде коронавирус тез таралып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан біз дәл қазір митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсымыз. Бәрін заң аясында жасау қажет", - деп атап өтті Біртанов.



05 маусым 2020 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам