Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қонағыңның алтынын алма, батасын ал

Қонағыңның алтынын алма, батасын ал


Қазақ халқының өмірінде үйге келген кісінің қолына су құйып, ас-тағам ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік пен мәдениеттілік қасиеті айқын көрініп тұрады. Әдетте әр отбасы үйіне келген кісіні төріне шығарады. Қашанда алдында дастархан жаюлы. Шаңырақтағы жас бала құманмен конақтың қолына су құятын. Бүгінде бұл дәстүр қолданылмайды, ұмыт болып барады...

Ауылдағы Серікжан ағамыздың үйіне барсақ, рухани байып, әңгіме тыңдап қайтамыз. Бүгінде аталы сөз айтар үлкендер некен-саяқ. Тіпті, ауылдағы ағайынның да хал сұрасуға уақыты жоқ. «Біздің үйді қалай тауып келдің?» деп әзіл-шынды ренішін жеткізетіндер көбейген. Ағамыздың үйінен дәм тату барысында мына көрініс көңілді жа¬дыратты. Әдеттегідей үлкен астан кейін бәрі қолын жууға түрегеле бастады. Сол үйдің кенже баласы Әлидің әрекеті көпті сүйсінтті. Ол қолына құманын алып, жоғарыдағы үлкен кісілерден бастап қолына су құйды. Ата-әжелер ақ батасын беріп жатыр. Үлкен-кіші деген жоқ, ол дастархан басындағы адамдардың қолына су құйды. Батасын алды. Бұл дастархан сәнін келтірді. Қаладан келген қонақтар таңқалысып, «рақмет» дегенді ғана айтты. Бүгінде ұмытылып бара жатқан салттың мағынасын Серікжан ағамыздан сұрағанды жөн көрдік.
– Ауыл – ғибратты тәрбиенің қасиетті ордасы. Тәлімді тәрбиені бойымызға сіңіріп, шыңдалып өстік. Бала кезімде әр күні сәлем-сауқаттан басталатын ауыл адамдарының көңілі дархан, дастарханы мол, берекелі еді. Үлкен астан кейін қариялар бата беретін. Ас қайтарылған соң, жағалай жайғасқан қонақтардың қолына су құю рәсімі басталатын. Соны балаларыма үйреттім. Олар да үлкен¬дерден бата алып, өмірлері ашық болсын дедім. Өзімізде қолға су құйып, қария¬лардың ақ батасымен ер жеттік. Әкемізден алған тәрбиенің жетістігі болар. Қолға су қоюдың тәрбиелік мәні өте зор. Қазақта дастархан батасын сұрайды. Оны ең құрметті, сыйлы адам береді. Негізінде, қолға су қою бата берген адамнан басталады. Демек, жас бала үйге келген кісілерді тануды үйренеді. Қазіргі таңда келіндеріміз сәлемін салып, табақты алуды біледі. Алайда, ұлдарымыз бата сұрау мен қолға су құюды ұмытып кетті. Қазір үлкендердің өзі астарын қайырар-қайырмастан «қолды өзіміз жуамыз» деп дастарқаннан тұрып кетеді. Сол себепті осы дәстүрді жақсы насихаттау керек, – деп бабадан қалған ізгі дәстүрдің түбінде терең мағына жатқанын жеткізді.
Серікжан ағамыздың ұлдары үйге адам келсе, қолдарына құманын ұстап дайын отырады. Әкелері соған қалып¬тастырған. Ізгі әдептен аттамайтын ұл¬дардың әкенің өнегелі тәрбиесімен өсіп келе жатқаны байқалады.
– Әкеміз кішкене кезімізден «Су етек¬тен, бата төрден» деген. «Оң жақтан бастап құй», «Бір қолыңмен шүмегін ұстап тұр», «Сарылдатпа, үзіп-үзіп үш рет құй», «Төртіншісін қонақ сұраса ғана құй», деп бақылап тұрады. Мен қазір үлкен кісілердің батасын алуға асығамын, – дейді баласы Әли.
Қазақта «Қонағыңның алтынын алма, батасын ал» деген мәтел, «көптің бата¬сы тисін» деген тілек бар. Сол көптің батасын алу, үлкенге ізет, көпке құрмет көрсету кішігірім қызметтен басталары анық. Сондықтан да ұрпағымызға осындай игі дәстүрді үйретіп, мән-мағынасын санасына жеткізе білгеніміз абзал.
Айтолқын АЙТЖАНОВА

09 маусым 2020 ж. 940 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам