Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Күріш күтімге алынды

Күріш күтімге алынды


Қазір дала жұмыстары қызған шақ. Диқанның қолынан кетпені, басынан телпегі түспей, алтын маржанның аңдысын аңдып, қорегін қамдап жүр. Жалпы, биыл қала бойынша 8202 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген екен. Оның басым бөлігі күріштің үлесінде. Қазіргі таңда 6459 гектар ауылшаруашылығы дақылдарының 3770 гектары – күріш. Ал, 783 га ерте көктемде егілген дақылдар, 1016 га ескі жоңышқа, 890 гектарға көкөніс, картоп, бақша дақылдары. Көктемнің кеш түсуіне орай аталған егістің 77,6 пайызы егілді.
Ерте көктемде егілетін дақылдар бойынша жаздық бидай 292 га, жаздық арпа 20 га, сұлы 5 га, мақсары 40 га, жаңа жоңышқа 356 га мен сорго 70 га егілді.
Сонымен қатар, көкөніс, картоп, бақша дақылдарын егу жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 390 га картоп, 350 гектар көкөніс, 150 гектар бақша дақылдары орналастырылды. Егін егу жұмыстары жалғасуда.
Егінмен айналысатын қалада 33 шаруа қожалығы болса, оның көпшілігі Қосшыңырау, Ақсуат, Ақжарма ауылдық округінде. Қазір күріш түгелдей дерлік суға бастырылды.
Сала мамандары зерделеу барысында жалпы күріш плантациясындағы дақылдың шығымдылығы бойынша 2639 гектардың 70% «жақсы», 942 гектардың 25% «орташа», 189 гектардың 5,0 % «қанағаттанарлық» деген баға беріп отыр.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдары бірінші кезеңдегі бастырылған су көлемін тартып, екінші кезеңге кезектесіп су алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қолда бар 1016 гектар ескі жоңышқаның 50 гектары тұқымдыққа қалдырылып, қалған 966 гектардың бірінші орымы басталады. Бүгінгі күнге ескі жоңышқаның 100 гектары орылып, 150 тонна жоңышқа шөбі жиналды.
Ия, егіс даласы екпінді еңбек құшағында. Ендігі үміт –аурудан аман болса, күзгі берекені күтеді.
«Ақмешіт апталығы».
09 маусым 2020 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 088 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам