154 «Алтын белгі»
Өткен жұма күні қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті.
Онда ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы және қызылорда қаласы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жайлы екі мәселе қаралды.
Онда ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы және қызылорда қаласы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жайлы екі мәселе қаралды.
Лайықты құрмет – байыпты міндет
Нұрлыбек Нәлібаев аппараттық мәжіліс алдында осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Қазбекова Мира Жомартқызын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Одан әрі қала әкімінің орынбасары қызметіне Асқарбек Есжанов Темірбекұлын тағайындады. Нұрлыбек Машбекұлы жауапкершілігі мол жаңа қызмет иесіне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
ҰБТ кезеңін де жағдай жасалады.
Аппараттық отырыстың күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе ұлтық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Парасат Жаңабергенов хабарлама жасады.
Білім саласына жауапты баяндамашы ҰБТ тапсыру форматы биыл биылғы ахуалға байланысты өткізу мерзімдеріне қосымша өзгерістер еңгізілетінін атап өтті.
ҰБТ 20 маусым - 5 шілде аралағында "Мұрагер" мектебі мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ №5 оқу ғимаратында орналасқан тестілеу пунктерінде өтетіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, ағымдағы жылы қала бойынша жалпы 50 мектептен 1881 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 154 «Алтын белгі» және 114 «Үздік аттестат» иегері бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» 22 пайызға, «Үздік аттестат» 11,4 пайызға артқандығын көрсетіп отыр. Тестілеу Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді екі пәннен тұрады. Берілген 120 сұрақтың 50 балын жинаған талапкер жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алады. Түлектердің 1555-і жоғары оқу орнына, 161-і колледждер де оқуға ниет білдіріп отырғаны анықталып отыр. Сонымен қатар, педагогикалық, медициналық, өнер мамандықтарына – 688, техникалық мамандықтарға – 981, ауыл шаруашылық мамандықтарына – 47 түлек тапсырмақ. ҰБТ өткізілетін күндері қалаға қарасты 11 ауылдық мектептен 146 оқушыны арнайы көлікпен тасымалдау қарастырылып отыр. Тасымалдау кезінде автокөліктерде күшейтілген санитариялық-дезинфексиялық режимді қатаң сақталуы қадағаланатыны айтылды. ҰБТ тапсыру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында тест тапсыру пунктерінің кіре берістеріне 6 дана дизинфекциялық тонель орнатылатын болады.
Әскерге шақырту жүргізілуде
Мәжілісте қаралған екінші мәселе қызылорда қаласы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру барысы жайлы қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы Руслан Намазбаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары негізінде алдын ала зерделеу жұмыстары атқарылып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, әскерге шақырушыларға шақырту қағазы қалалық әкімшіліктен бөлінген техникалық қызметкерлердің және басқарма қызметкерлердің күшімен таратылуда екенін атап өтті.
Үстіміздегі жылдың 15 мамырынан бастап осы уақытқа дейін 1448 әскерге шақырту қағаздары таратылды. Оның ішінде студенттер – 355, мекен жайында тұрмайтындар – 312, үй есіктерін ашпайтындар – 376, шақырту қағазын алғандары – 405 адамды көрсетіп отыр.
Сала маманының мәліметіне сүйенсек, себепсіз әскери комиссариатқа келмей жүрген жастарға заң аясында тексеру жүргізіліп, тиісті шешім шығарылады. Қалаға қарасты кент пен елді мекен әкімдіктерімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Тілші түйіні
Аппарат мәжілісінде қаралған екі мәселе де күн тәртібіндегі түйткіл. Бірі – білім, екіншісі – тәртіп. Ал, елдің болашағы білімді де, тәрбиелі жастармен тығыз байланысты. Сондықтан мұнда айтылған әрбір сөз салмақты, әрбір пікір пайымды.
Жиын қорытындысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тиісті сала басшыларына міндеттемелер жүктеп, орындалу барысы қадағаланатыны айтылды.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.