САЛЫҚ КӨЗДЕРІ МОЛАЯ ТҮСТІ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Онда облыс орталығындағы бүгінгі күннің маңызды мәселелері таразыланды.
Мәжілісте қала басшысы алдымен жаңа тағайындауларға тоқталды. Бұдан бұрын Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған Руслан Каюпов енді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болса, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Каюпов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округінің әкімдері қызметіне Сәкен Әбдіжаппар, Болатбек Нұрлыбаев кірісті.
Мәжілісте қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Шахмардан Байманов өзі жетекшілік ететін салалары бойынша атқарған іс-шаралар барысына тоқталды.
– Биылғы жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни физика, химия, биология, робототехника кабинеттері мен 3D модельдеу, цифрлы лабораториялармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, ол игерілуде, – деді Ш. Байманов.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай біршама мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған еліміздің өзге өңірлерінен Сыр бойынан шыққан ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін шақыру жоспарланған. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін 2000 дана арнайы сериялық мерекелік медаль дайындалуда.
Мұнан соң, қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов хабарлама жасап, жетекші салалардағы өткен 6 айдың көрсеткіштеріне тоқталды. Жергілікті бюджеттің кіріс көзін ұлғайту мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы, әділет басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі, жеке сот орындаушылар, миграциялық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы комиссиясы құрылған. Қазіргі уақытта көлік салығы бойынша 304 млн.теңге, мүліктік табыс салығы бойынша 76 млн.теңге, жер салығынан 72 млн.теңге және шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша 51,0 млн.теңге, барлығы 503 млн.теңге көлемінде резерв анықталған.
Нәтижесінде қазіргі таңда бюджетке қосымша 40 млн.теңге өндірілді. Бұл жұмыстар комиссиямен бірлесіп заң талабына сәйкес әрі қарай жалғасын табады.
Мәжіліс соңында қала әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жалғастыру керегіне тоқталып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Биболат Сәтжан