Қазақстандағы ең үлкен отбасыда 16-шы сәби дүниеге келді
Қазақстандағы ең үлкен отбасы петропавлдық Култышевтар шаңырағында он алтыншы сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды.
Дүниеге келген нәрестенің бойы 52 сантиметр, салмағы 3 келі 800 грамм болып туған. Енді Павел мен Татьяна Култышевтердің 9 ұлы мен 7 қызы бар.
Кеше еліміздегі ең көп балалы отбасы кенже ұлдарын перзентханадан шығарып алды.
Татьяна мен Павел Култышевтардың шаңырақ құрғанына биыл 18 жыл болады. Отбасының үлкені - 18 жаста.
"8 бала болдық үйде, ешкімнен кем қылған жоқ бізді. Қазір мен де жауапкершілікті сезініп, ұл-қыздарымды жеткізсем деймін. Бәрі де бізге берген сыйы. Оларды өсіріп, тәрбиелеу - міндетіміз. Мемлекет тарапынан да қолдау бар", - дейді Павел.