Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Енді жала жабу қылмыс деп саналмайды

Енді жала жабу қылмыс деп саналмайды


ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық өндірісті және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенаторлар қабылдаған заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің «Жала жабу» 130-бабы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылатын болды. «Заң жобасымен барлық тараптар үшін мәжбүрлі түрде орындау жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі артатын болады. Заң жобасына енгізілген нормалар жеке сот орындаушының ағымдағы есепшотында өндіріп алушының пайдасына өндірілген ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді заң жобасын таныстырған сенатор Андрей Лукин. Мұнан бөлек, заңға сот орындаушыларының іс жүргізу әрекеттерін оңтайландыру, атқарушылық өндіріс жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу, атқарушылық өндірістің жекелеген процедураларын регламенттеу және жақсарту бойынша түзетулер енгізіліп отыр. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау мен олардың жауапкершілігін күшейту бойынша да шаралар жетілдіріледі.
12 маусым 2020 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам