Онлайн семинар өтті
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттары арқылы «Қызылорда облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 27 мамырда оn-line режимде қоғамдық бірлестіктердің сұранысымен семинар-тренинг өтті.
Қоғамдық бірлестіктің Жарғысына өзгеріс енгізу, құрылтайшыларын қайта сайлау заңдылықтарына арналған семинарға Қызылорда облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Тажикенов Еркін Оңдасынұлы қатысып кеңес берді. Бұл бағыттағы семинардың секунд сайын дамып, өзгеріп жатқан жаһандану заманында қажеттілігі өте жоғары. Құқықтық мемлекет құру – ең әуелі мықты азаматтық қоғамның нәтижелі еңбегінен шығатыны сөзсіз.
Семинарға қатысқан қоғамдық бірлестіктер тарапынан Жарғылық мақсаттарына өзгеріс енгізу, құрылтайшылар құрамын өзгерту, қоғамдық бірлестікті жабу т.б. мәселелер бойынша сауалдар қойылды.
«Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» үкіметтік емес ұйымы тарапынан бүгінгі күн талабына сәйкес оn-line әдіс-тәсілін пайдалана отырып, азаматтық қоғам институттарының қажеттілігін зерделей келе семинарлар ұйымдастыру жалғасын таппақ.