Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алматыдағы Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмек

Алматыдағы Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмек

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі Ұйғыр ауданың атауын өзгерту туралы ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел мәлімдеді. 
"Облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына бірінші барды. Ізінше облыс әкімі Амандық Баталов та жетіп, аудандық әкімдікте жиналыс өткізді. Оған ауыл ақсақалдары, ел ағалары және жастар жиналып, мәселені талқыға салды. Көп көтерілген мәселе – Ұйғыр ауданының атын ауыстыру. Сондай-ақ, жиында жастар арасына іріткі салып жүрген үшінші топтың бар екені айтылды. Сол бойынша құзырлы органдар тиісті тексеру жүргізуде", — деді Ғалимұрат Жүкел.
Баспасөз хатшысының атап өтуінше,  Шонжы атауын Әлмерек, Ұйғыр ауданын Қарадала деп өзгерту ұсынылыпты.
Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі жақына арада аталған мәселені мемлекет басшысына шұғыл жеткізетінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Ұйғыр ауданында жастар жолға таласып, төбелесіп қалғаны айтылған еді. Оқиға салдарынан 20 және 21 жастағы бес жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.
18 маусым 2020 ж. 8 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам