Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Искаков: "Ең басты мақсат – қоғам тыныштығы"

Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Искаков: "Ең басты мақсат – қоғам тыныштығы"


Тәртіп сақшысы. Ол уақытпен санаспайды. Қоғам қауіпсіздігі үшін. Барша тұрғынның тыныш ұйқысы үшін. Тәртіпті сақтау үшін. Алайда, бейнеті басым сала қызметкеріне алғыс оңай келмейді. Дегенмен, елдегі жарияланған төтенше жағдай полиция қызметкерлерінің жанкешті еңбегін бағалады. Ел тыныштығы үшін, қоғам қауіпсіздігі үшін еңбек еткен тәртіп сақшыларының еңбегі көптің көңілін жібіткені рас. Кәсіби мереке қарсаңында Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Искаковпен сұхбаттасудың сәті түсті. Уақыт жетпейтін бүгінгі қоғамда санаулы минут бөліп, пікір бөлістік. Емен-жарқын әңгіме болмағанымен, тәртіп сақшысының бүгінгі бейнесі жайында ой бөлісуге мүмкіндік болды.
«Шынын айтқанда, қоғамда тәртіп сақшысына айтылар алғыс аз. Қоғам соған дағдыланып кеткен сияқты. Бүгінгі күнге дейін елдің сынына көп ұшырайтын мұғалім, дәрігер, полиция қызметкерлері карантин уақытында қоғамға өлшеусіз еңбек етіп жатқанын мойындатты. Ел алғыс айтты. Әрине, біз еңбегімізді міндет етуден аулақпыз. Тіпті, мақтау күтпейміз де. Біз үшін ең басты мақсат – қоғам тыныштығы. Елге қорған болу» дейді полиция полковнигі.
«Біз қашанда халыққа қамқор болуға дайынбыз» деген полковниктің бір ауыз сөзі полицияның жағымды бейнесін қалыптастырғандай әсер етті. Бас полицейдің ұстанымы елге жақын болу, ел сеніміне селкеу түсірмеу екенін ұғындық.

– Бүгінде полиция қызметкерлерінің қоғамда орны қандай?
– Полиция қызметкерлері мемлекетіміздің заң талаптарына сай жұмыс атқара отырып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстырды болдырмау, алдын алу және болған қылмысты дер кезінде ізін суытпай ашу бағытында жұмыстары міндеттеліп, сол бағытта, аянбай еңбек ететіні баршамызға мәлім. Сандарды сөйлетсек, биылғы 5 айда атқарылған жұмыстарымыз өткен жылмен салыстырғанда нәтижелі жұмысты көрсетеді. Яғни, қылмыстардың тіркелуі 33,8 процентке немесе 662 қылмысқа төмендеген (1960-тан 1298-ге). Қылмыстардың кезекші тәулікте ашылуы 45,5 процентті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,7 процентке жоғары. Бұл – полиция қызметкерлерінің күндіз-түні атқарған жұмыстарының нәтижесі.
– Төтенше жағдай кезіндегі полиция құрамының атқарған жұмысына тоқталып өтсеңіз...
– Президент Жарлығына сәйкес, елімізде 15 наурыз – 11 мамыр аралығында төтенше жағдай енгізіліп, Ішкі істер министрінің бұйрығына және нұсқаулығына сай қызмет атқардық.
Атап айтқанда, қала аумағына кіру және шығу кезінде 5 блок-бекеті, қала аумағының ішінде 4 орында қала тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысын шектеу үшін патрульдік полицияның бақылау бекеттері орнатылды. Одан бөлек, карантин талаптарын бұзған автокөліктерді анықтау мақсатында 8 мобильдік топ құрылса, 14 автопатруль күнделікті хабарламалар бойынша жұмыс атқарды. Сонымен қатар қала аумағына үгіт-насихат жүргізуге жаяу бағытта 2 ауысымда 118 қызметкер бөлініп, қызмет атқарды.
Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігімен 3-қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді.
Қызылорда қаласында әкімшілік кодекстің 476-бабымен төтенше жағдай режимін бұзған 360 құқық бұзушылық анықталып, оның 237-сі әкімшілік сотпен қаралды.
Бей-берекет автокөлікпен жүргені үшін 134 дерегі, көшеде бет-пердесіз, бей-берекет жүргені үшін 54 дерегі, кафе, дүкендерге қатысты 172 дерегі анықталып, шара көрілді.
Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерінің күндіз-түні атқарған жұмыс нәтижесінде, қылмыстардың тіркелуі 56,8 процентке немесе 401 қылмысқа төмендесе (705-тен 304-ке), бөтен мүлік ұрлықтарының тіркелуі де 73,3 процентке (107-ден 401-ге) төмендеді.
– Бүгінде полиция қызметкерлеріне қандай талап қойылады?
– Полиция қызметкерлерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті күтемін. Бұл салада білімді болумен қатар, білікті болу қажет. Өз саласының білікті маманы ғана саланы өрге сүйрейді.
– Жариялылыққа қаншалықты жақынсыз?
– Ел Президенті елдің үнін еститін үкімет қалыптастыруды мақсат етті. Ашықтық – қай салада болмасын, уақыт талабы. Халықпен етене жұмыс істейтін сала болғандықтан жабық болуға хақымыз да жоқ. Себебі, полицияның әрбір қадамы елдің көз алдында. Сондықтан да елдің алдында есеп беруге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елге жақын болуға әрдайым дайынбыз.
– Мерекелік лебізіңіз.
– Барша полиция қызметкерлерін төл мерекесімен құт¬тықтаймын. Абырой бәрінен биік. Әрдайым сенім биігінен көрініп, елдің алғысына бөленіңіздер. Еліміз аман болсын!
– Сұхбатыңызға рахмет.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
23 маусым 2020 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам