Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дәріханада дәрі неге тапшы?

Дәріханада дәрі неге тапшы?

Дәл қазіргі уақытта дәріханаларда дәрі тапшы. Көпшілікті осы мәселе алаңдатып отыр.  Дертіне шипа іздеген тұрғындар дәріхана жағалап жүр. Бірақ іздеген дәрілерін таппай әлек.
– Тасбөгеттің орталығындағы бірқатар дәріханаға бардым. Аспирин, парацетамол және тұмауға қарсы дәрілерді таппадым. Таныстарымның көбісі қызуы көтеріліп, жөтел болып, тамағы ісіп ауырып жатыр. Ал қажетті дәрілер 2-3 күннен бері тапшы болуда, – дейді Тасбөгет кентінің тұрғыны М.Бекарыстанова.
Тұрғындар дүрбелең туғыз­ған соң, бізде дәріханаларға қарай аяңдадық.   Қаладағы дәрі­ханалардың алдынан кезекте тұр­ған жандарды көптеп кездестіруге болады. Барлығы да дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы шипа болатын дәрі іздегендер. Алайда ондай препараттарды кез келген сауда орнынан табу бүгінде мұңға айналыпты. Сатушылар дәрінің тапшылығын сұраныстың көбеюінен деп түсіндірді. Дәл осы жағдай осыдан екі ай бұрын медициналық бетперденің жоқ болып кеткен кезінде де аңға­рылған болатын. Салдарынан сұранысқа ие тауардың құны шарықтап, бір адамға санаулы бетперде сатылған еді. Сол жағдай қайталанбасына кім кепіл? 
– 3-4 күнде шектен тыс сұраныс көбейді. Мұндай жағдайды күт­пегендіктен дәріханадағы дәрі қоры тез таусылды. Негізі көп­теген адамдар «парацетамол, аспирин ішіңіз» дегенді есті­геннен көптеп сатып алды. Бү­гінде шын ауырғандар дәрінің тапшылығын сезінді. Дәріханамыз шағын болғандықтан сұранысқа сай әкелетінбіз. Алдағы уақытта өнім көлемін артығымен әкелуге тырысамыз. Тұтынушы тарапынан көп сұралып жатқан препараттарға сұранысты көбейттік. Жақын ара­да дәріханаға келеді, – дейді «Нұрила Фарм» дәріханасының сатушысы.
Бүгінде «қауіпті дерттің бетін қайтару үшін парацетамол кө­мектеседі» деген жалған ақпарат та таралып кетті. Осыны естіген қарапайым халық дәрілерді көп­теп алған секілді. Қалай десек те соңғы бір аптада аймақта дәрі тапшылығы сезілді. Дәрі неге тапшы? Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сессия­сында нақты жауап берді. 
– Аталған дәрілер түгелдей жоқ деп айта алмаймын. Жеткілікті деуге де болмайды. Осы уақытта пневмония жұқтырған науқастар саны күрт артып отыр. Дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекке сұраныстың артқандығы да сон­дықтан. Күтпеген жерден қа­жетті дәрі тапшылығы сезілді. Дәрілердің дәріханадан табылмай жатқанының негізгі себебі, халық арасында дүрлігу, бірден сатып алу кедергі келтіріп отыр. Өзге де өңірлерде осындай жағдай орын алды. Қазіргі уақытта дәріханалар қажетті дәрілерге сұранысты көбейтті. Тауар қоры жақын күн­дері дәріханаларға жеткізілуі тиіс.  Ал, облыстағы ауруханалар мен емханалар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген, – деді облыстық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
Ақ халатты жандар үйден ем-дом жасауды да ұсынып отыр. Себебі, аурухана мен емханаларға пневномия жұқтырғандар көп­теп келуде. Сондықтан ем іздеп жүріп, сырқат жұқтырып алу қаупі де жоғары болып тұр. Ыстық сорпа, су ішіп, сақтанып жүргеніміз жөн. Қалай десек те, денсаулық – бірінші байлық екенін ұмытпағанымыз абзал.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
30 маусым 2020 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам