Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Еңселі елдің сардары

Еңселі елдің сардары

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласын оқып, ерекше сезімге ие болдым. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұзақ жылдар бойы Елбасының шәкірті, серіктесі, үзеңгілесі ретінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи портретін жан-жақты ашып, тұлғалық бейнесін сомдап берді.
Тарихшы ретінде мақала желісін оқи отырып, Тәуелсіз еліміздің қалыптасу үдерісінде орын алған ішкі және сыртқы саясаттағы мәселелер мен тәуекелдерді шешу барысында Елбасының парасатты, батыл, көреген қадамдарына көз жеткізіп, «әлемдік деңгейдегі саясат сардары» екеніне тамсанбасқа болмас.
Президентіміз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын Қазақстан қоғамының ой-санасын прагматизмге үндеуге зор үлес қосты деп ерекше атап, «ел руханиятының айнасы іспеттес осы бағдарлама арқылы мәдениетіміз бен өнеріміздің жоғы түгенделіп, бары бағасын алды» - дейді. Бүгінде «той тойлайтын емес, керісінше ой ойлатын уақытта» бағдарламаның өзектілігі арта түсетіні ақиқат. Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында азаматтық қоғам мен мемлекетіміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық жүргізген тынымсыз еңбегінің арқасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасы сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған еңселі мұраттарын еңсеріп, толағай табыстарға қол жеткізді. Бүгінде Ұлы Дала төрінде орналасқан еліміз қарқынды дамып келе жатқан, әлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналды.

Уалихан Ибраев,
Облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты
02 шілде 2020 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам