Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ел мүддесін жоғары қойған азамат

Ел мүддесін жоғары қойған азамат

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың болмысы мен іскерлігіне ерекше тоқталып өтті.
«Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адам­дар сирек. Мұндай тұлғалар та­рих­ты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы – осындай айрықша ерік-жі­герімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеу­рінді тұлға!», деді Мемлекет басшысы. Иә, расымен де қиын кезеңдерде халықтың ауызбіршілігін сақтап, бір жұдырықтай жұмылдыра білу оңай шаруа емес. Еліміздің нарықтық заманда ойып тұрып орнын білдірген Елбасының ролі ерекше.
Бәрін айт та, бірін айт ядролық қарудан бас тартып,130-дан астам ұлт өкілі тұратын мемлекеттің татулығын сақтап отырған Елбасы бейбітсүйгіш Мемлекет басшысы болып тарихта қалғаны сөзсіз.
«Жаһандық деңгейдегі саясаткерлер Қазақстанның этносаралық татулық үлгісін «Назарбаев моделі» деп атайды. Олар Қазақстанның бұл тараптағы тәжірибесін жіті зерделеп, басқа елдерге таратуға да ықы­ласты болып отыр. Елордамыз Сирия дағ­дарысы бойынша Астана процесі атауымен бітімгершілік миссиясына қызмет етті. Осының бәрі шаһардың шынайы келбетін қалыптастырып, шын мәніндегі бейбітшілік қаласы екенін жаһан жұртына дәлелдей түсті», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Нұрсұлтан Әбішұлымен ете таныс емес біздің өзіміз ол кісінің саяси, бейресми кездесулерін, жұмыс сапарларын БАҚ-тан бақылап отырып-ақ, оның басқару стратегиясына қарап, келіссөз жүргізуі мен іскерлігінен, өзін-өзі ұстауы мен жалпы өзіндік болмысынан үлгі алып, әрбір сөзінен өмірлік сабақ алуға тырысамыз. Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы ел мүддесін жоғары қойған азамат.
«Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. «Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды». Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бас­тысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл – Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!», деді Президент.
Меруерт Қуанышбекова,
Облыстық"Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы
02 шілде 2020 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам