Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бір жұтым ауа. Жұмылған ел

Бір жұтым ауа. Жұмылған ел


Бір жұтым ауа. Тынысы тарылып, алқынған жанға бір жұтым ауа қат. Ауа жетпеу... Өзің ауа жұтқан, кеңінен тыныстаған күндердің қадірі...
Бүгінде аурухана төсегіне байланып тынысы тарылған жанның қиналысын өзінен басқа кім түсінер. Оттегі жетіспейді.
Қайтпек керек?
Ауырған жандардың бұл қиналысын қоғам болып көтеру, жетпегенді жеткізу, зыр жүгіріп көмектесу, уақытпен санаспау және міндет етпеу...
Бұл дертпен күрескен Сыр еліндегі жағдай. Қиналғанға қолдан келер көмегін аямаған ел азаматтарының, зыр жүгірген ерікті жастардың, қолындағы дәріні ұсынған кең пейіл елдің қамқорлығы шарасыздықты жеңіп келеді. Бұл қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқор елдің тынымсыз тірлігі талай жанның дертті жеңуіне себепші болуда. Сырбойылықтар дертті жеңуге жұмыла кірісті. 

ҚАМҚОР КӨҢІЛ
Бүгінде оттегі баллонын жеткізу өзекті мәселе болса, бұл да жұмылған жұдырықтай біріккен ел азаматтарының бірлігімен шешімін тауып келеді. Атап айталық, «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы Мағжан Ерлаиев 700 дана, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев 300 дана, «Ақтөбе иК» ЖШС басшысы Н.Іздібаев 700 дана, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Р.Есенов 700 дана, жеке кәсіпкер Н.Байжігітов 50 дана, «Сыбаға» ЖШС дирекәторы Л.Ризванова 40 дана, «Жомарт» қоғамдық қорының еріктілері атынан 60 дана, оттегі толтырылған баллонмен қамтамасыз етуге көмек қолын созса, белсенді азамат С.Сұлтан 10 ылғалдандырғыш сатып алып берген.  Ал «Ел Арай» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Байдәулетов тасымал қызметін ұйымдастыруда. Сондай-ақ, бірқатар қайырымды азаматтар 2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен. Бұл орайда ерікті жастар да қарап қалған жоқ. Қолдан келер көмек болса аянып қалмауда. Оттегі баллонын тасымалдау, дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.
Сұраныс артқан тұста оттегін баллонымен қамтамасыз етуші кәсіпкерлер бағаны түсірді.
– Табыс тапқаным емес, халыққа көмегім тигені маңызды. Қазір сұраныс артты. Жай уақытта бір емдеу мекемесінің сұранысы 25-30 баллон еді. Қазір қалалық аурхуна 160-170 баллонға дейін қажеттілік туындап тұр. Бір оттегі баллоны 1800-2000 болса, қазір емдеу мекемелеріне 1000 теңгеден берудеміз», – дейді «Шыңғыс ЛТД» ЖШС басшысы Ерік Жүнісов.

14 МОНИТОРИНГТІК ТОП
Қала әкімінің тапсырмасымен қаладағы барлық нысандардың сантитарлық талапқа сай болуын бақылау мақсатында 14 мониторингтік топ құрылған. Құзырлы орын өкілдерінен құрылған топ күн сайын қаладағы барлық нысанды аралап, түсіндірме жұмысын жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін 5000-нан аса нысанға барған мониторингтік топ жұмысын жүйелі жүргізуде.
Тағы бір атап айтарлығы, күн сайын қала әкімдігіндегі жауапты басшылардың жұмысы емханаларға бас сұғудан басталады. Анығын айтқанда қала әкімінің тапсырмасымен аппарат басшысынан бастап, орынбасарлар, бөлім басшыларына қаладағы денсаулық мекемелерінің жағдайын біліп, жоғын түгендеу міндеттелген.
– Қала әкімінің тапсырмасына сай күн сайын емханалардағы жағдай бақылауда. Емдеу мекемелерінің мәселесі болса, сол мезетте шешімін табуға қызмет етуге тікесінен тік тұр. Тіпті, емхана алдына орындықтар керек десе, бұл мәселе де шешімін табуда, – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

КӨЛІГІН
ДӘРІГЕРГЕ БЕРДІ
Қала әкімдігінің қиын сәтте тығырықтан шығу үшін жасаған тағы бір амалы – қала аумағындағы емханаларға қосымша көмек ретінде 23 қызметтік көлікті пайдалануға берді. Жедел жәрдем жетпей жатқан тұста қызметтік көліктің көмегіне сүйенген дәрігерлер үшін бұл да үлкен көмек болды. Бір атап айтарлығы, қала әкімдігінің мұндай қадамын өздері емес, халықтың ризашылық көңілмен айтуы алаң көңілге демеу болғаны да рас.

АЗАМАТТАР
КӨМЕККЕ ДАЙЫН
Бүгінде қала әкімдігі тарапынан дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында індетпен күресіп жатқан дәрігерлерді орналастыру үшін «Сырдария» лагерінен 100 орын дайын. Сондай-ақ «Қызылорда» қонақ үйінің иесі Қ.Боранбаевтың қолдауымен дәрігерлерге 137 орын берсе, «Bella Vista» кешенінің директоры Р.Ахметов қонақ үйден орын дайын екенін айтқан.

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Қалада залалсыздандыру жұмысы жалғасуда. Атап айтқанда бүгінгі күнге дейін халық көп шоғырланатын аумақтарға, жалпы көлемі 6 млн шаршы метрге жуық аумаққа залалсыздандыру жұмысы жүргізілген. Бұл жұмысқа 81 адам, 8 техника, жұмылдырылып, 10 залсыздандыру тоннелі халық көп шоғырланатын орындарға орнатылған.
ЖИЫН-ТОЙҒА
КУӘ БОЛСАҢЫЗ, ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ!
Қала әкімдігі осы мазмұнда хабарландыру беруде. Облыс орталығы мен қалаға қарасты ауылдарда жиын-той өтетінінен хабардар болсаңыз, қоңырау шалыңыз. Бұл сіздің елдің амандығына тілектестігіңіз, жанашырлығыңыз.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
11 шілде 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам