Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантин коммуналдық қызметке кедергі емес

Карантин коммуналдық қызметке кедергі емес



Тұрғындар үшін коммуналдық сала жұмысының сапалы болуы бірінші кезекте. Халық денсаулығы үшін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар жол, жылу, жарық басты қажеттіліктер екені сөзсіз. Бүгінде қала тұрғындарына коммуналдық мекемелер сапалы қызмет көрсету мақсатында аянбай еңбек етуде.  
Атап айтсақ, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде Қызылжарма кен орнынан 112 ұңғыма арқылы тәулігіне 83,0 текше метр су өндіріледі.  Орталық ауыз су жүйесі 2,1 ауа қысымымен қаланы қамтыса, 1,5 қысыммен шет аймақ тұрғындарына жеткізіледі. Тұрғындардың тіршілік көзінен тапшылық көрмеуіне осылайша жұмыс істеледі. Бүгінде халық тарапынан, әсіресе, көп қабатты үйдің тұрғындарынан шағым жоқ. Себебі, ауыз су қысымы бірқалыпты сақталған.
Қазіргідей қысылтаяң шақта адам денсаулығы бәрінен маңызды. Десек те халықтың қажеттілігін қамту сала мамандарының басты міндеті. Сондықтан «Қызылорда су жүйесі» қызметкерлері қауіп-қатерге қарамастан, қорғаныш шарасын сақтау арқылы толық штаттық режимде қызмет етуде. Бұдан бөлек кәріз суларын тазартуда аса қажет, әрі негізгі тірліктің бірі. Бұл ретте  мекеме теңгеріміндегі 62 кәріз насос станциясы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Карантин уақытында жұртшылық коммуналдық қызметтен қысылып отырған жоқ.
Мекеме қызметін мүлтіксіз атқарғанымен техникалық ақаудың орын алатыны болады. Мұндайда көпшілік мекеме мамандарына хабарласып, көмек сұрайды. Ал, дәл қазіргі уақытта адамның көп шоғырланбағаны маңызды. Осы орайда тұрғындардың өтініш, арыз, талабын онлайн  режимде қабылдау жолға қойылған. Мамандардың айтуынша, онлайн режимде тәулігіне су жүйесінде ақау бойынша 10-15, ал, кәріз жүйесіне байланысты 3-5 шағым түседі екен. Оны дер кезінде қалыпқа келтіру үшін арнайы бригада жұмылдырылады. Карантиндегі жұмыс ауаны осылайша қалыпты күндегідей жүргізілуде.
Бұл «Қызылорда су жүйесі» мекемесі қызметінің бір ғана көрінісі. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасымен ағымдағы жөндеу жүруде. Бүгінде ондағы құрылыс монтаж жұмысының 30 проценті біткен. Оған «Жұмыспен қамту орталығы»  арқылы уақытша 25 азамат тартылған.

А.САЙДУЛЛА
11 шілде 2020 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам