Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Біздің дәрігер

Біздің дәрігер


Әлемді жайлаған коронавирустың пандемияға айналуы халыққа оңай тимегені анық. Күн сайынғы қаралы хабар мен қайғылы оқиғалар көңілді алаң қылса, аурухана мен дәріханалардағы қиындықтар ахуалдың ушығуына әкелді. Нәтижесінде елдің бәрі қалыптасқан тіршілік дағдысынан айырылып, жаңаша өмір сүруге мәжбүр болуда. Тіпті, жан сақтау амалымен жақынға баруға секемденген жұрт жалған ақпаратқа арбалып, тиімсіз емнің де құрбаны болды. Осы орайда пандемияның ауырпалығы медицина қызметкерлеріне аса бір ауыр жүкті арқалатқандай еді.
Індет асқынып, карантиндік шаралар күшейген кезде дәрігерлердің жұмыла қызмет атқарып, жедел әрі ықшам жұмыс істеуі басты талапқа айналды. Қолда бар материалдық-техникалық базаны сәтті пайдаланып, кәсіби біліктілігін тәжірибеде қолдану медицина қызметкерлерінен талап етілген негізгі қадамға айналды. Алдыңғы шепте инфекциямен күресіп жүрген ақ халаттылар медициналық көмекті сапалы жүргізуге барын салуда. Ел саулығы жолында сындарлы кезеңді сәтті еңсеруге үлес қосқан аймақ дәрігерлерінің қатары мол. Солардың бірі – «Қызылорда облыстық жедел жәрдем стансасы» МКК дәрігері Жанат Жұмалиев.
Білгір маман 30 жылға жуық «Қызылорда облыстық жедел жәрдем стансасында» терапевт дәрігер болып қызмет атқарып келеді. Індет жағдайында тәуліктік шақырту санының артуы, науқастар қатарының көбеюі сала маманына қиындық тудырғанымен, негізгі жұмыс дағдысынан айныған емес.  Білікті қызметкер қарбалас сәтте атқарар шаруа еселенсе де, уақыт тауып, қазіргі ахуал туралы пікірін білдірді :
– Дәрігерлер үшін әрбір науқастың өмірі қымбат. Мәселен, індет жағдайында жұмыс режимі, ем-дом шарасында үлкен өзгерістер орын алды. Тәуліктің басым бөлігін ауруханада өткізудеміз. Науқастардың пандемияны ауыр өткеруі, қиналуы бізге де оңай емес. Сол үшін күні-түні еңбек етіп, қолдан келген көмекті жасаудамыз. Бұрын-соңды мұндай көлемде емдік шарасын жасау, балалар мен жүкті әйелдерді емдеу секілді тәжірибе кемшін еді. Осы тұрғыда пандемия медицина саласы қызметкерлеріне үлкен сынақ әрі кәсіби мектепке айналды. Аймақ тұрғындарын сақтық шарасын сақтауға, өзінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырамын, –деді Жанат Жұмалиев.
Ақ халатты абзал жан ұзақ жылғы кәсіби тәжірибесі мен практикалық білігі пандемия ахуалында көмегі тигізгенін жасырмайды. Сала маманының коронавируспен күрестегі өлшеусіз еңбегі ескерусіз қалмады. Жанат Рахатұлы Елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапат табысталған санаулы маманның қатарына енді. Төгілген тер мен ерен еңбектің қарымы қайтып, «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Терапевт бұл медалді ұжымның ортақ жетістігі санайды. Марапаттау сәтінде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова да сала мамандарының атқарған жұмысына оң баға беріп:
«Коронавирус індетімен күресте еліміздегі дәрігерлердің көмегімен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын ерекше айтқым келеді. Ақ халатты абзал жандар халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нақ көрінісін көрсетуде»,  – деген болатын.
P.S. Бүгінгі дәрігердің ерлігі бейбіт күндегі жетістігінен мүлде бөлек. Еліміз бойынша індетке шалдыққандардың 11 проценті медицина қызметкерлері екенін ескерсек, көзсіз ерлік танытқан  мамандарға еріксіз бас иесің. Сондықтан қатерлі індеттің қақ ортасында жүріп, өз денсаулығына төнер қатерден қаймықпай, өзгенің саулығын тілеген ақ халаттылар қандай құрметке болсын лайық.

Е. БАЛТАБЕКҰЛЫ

11 шілде 2020 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам