Еріктілер: сын сәттегі жәрдем
Індетмеңдепбарады. Дәріханадағыұзын-сонаркезек, ауруханадағынауқастарсаныныңартуыжағдайдыңасакүрделіекеніненхабарберетіндей. Осындайқысылтаяңсәттеқолданкелержәрдемінкөрсетіпқалуғаәркім-ақбейіл. Кәсіпкерлермұқтажжандарғадәрі-дәрмектаратса, еріктіжастармедициналыққорғанышқұралдарынүлестіру, залалсызданыру, дәрігерлергекөмек көрсетусекілдіжұмыстардыкезең-кезеңіменатқаруда. Сондай-ақ, ауруханадакоронавируспенқоса, пневмонияментұмаубелгілерібарнауқастардыңқатарыартқан.
Аурудың негізгі белгілері өкпенің қабынуы болғандықтан, емдеу нысандарында оттегі баллондарының тапшылығы сезілуде. Аталған келеңсіздік аймақтағы ауруханаларды да айналып өтпеді. Бұл қиындықты еңсеру үшін Сыр жастары автоволонтер жобасын бастап, жұмыла күш салуда.
Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған жобаға атсалысушы жастардың саны күннен-күнге артып келеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, игі шараның басты міндеті – ауруханадағы оттегі баллондарын қайта толтыру, тасымалдау. Яғни келісілген нысандардан босаған оттегі баллондарын алып, арнайы мекемеден қайта толтырып әкеледі. Бүгінде еріктілер мен облыстық жастар ресурстық орталығының жанындағы еріктілер штабының мүшелері бұл бағытта аянбай еңбек етуде. Қол ұшын созамын деген азаматтар орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, байланыс номерін алуға мүмкіндік жасалған. Тіпті, жастар ватсап желісінде өзара чат ашып, қажетті адам саны мен аурухана мекен жайын алмасудың да жолын тапқан.
– Сыр жастары әлеуметтік көмекке атсалысуға қашанда дайын. Коронавирус індеті өршіген кезде көшелерде бетперде тарату, залалсызданыру жұмысына жәрдемдесу, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізу секілді қайырымды істерге белсенді араласа білді. Осы жолғы бастама – ұйымшыл жастардың бірлігінің жемісі. Қазіргі таңда ауруханалардан алған оттегі баллондарын «Квант» мекемесінен қайта толтырып жеткізудеміз. Күніне орталық автобусымен 20-ға жуық оттегі баллонын қайта жасақтаймыз. Олардың басым бөлігін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 5 оқу ғимаратының жатақханасына және басқа да емдеу нысандарына жеткіземіз. Аурухана басшылары тасымал мен жұмыстың тиянақты атқарылуын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отырады, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Алмат Смайлов.
Қалалық жастар ресурстық орталығы да бұл бастаманы дамытуды қолға алған. Қаладағы көлік тізгіндеген еріктілер үйдегі науқастарға дәрі-дәрмек, керек жарағын тегін жеткізуді бастап кеткен. Күніне 5-6 көлік қала тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, сұраныс бойынша қызмет жасауда. Ортақ ватсап чат арқылы көмекке мұқтаж жандар мекен жайы мен қажетті дәрі-дәрмек атауын жазып, көмек сұраса, еріктілер жеткізіп беруге дайын. Бүгінгі күнге дейін автоволонтерлердің көмегіне жүгінген ондаған азамат әлеуметтік желі арқылы алғысын білдіруде. Еңбегіне ақы сұрамайтын Сыр жастары қиын-қыстау сәтте елге көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.
– Қазіргі таңда негізгі міндет – науқастарға дәрі-дәрмек тарату және оттегі баллондарын тасымалдау. Қолдан келетін көмек болғандықтан, өз үлесімді қосқым келді. Достарым мен жақындарыма да алдағы уақытта атсалысуға ниет білдіруде. Бір-бірімізге көмек қолын созайық, қиын сәтте бірге болайық! Сыр елінің жастарын қайырымды тірлікке бей-жай қарамауға шақырамын, – дейді ерікті Жоламан Аспанбекұлы.
P.S. Уақытпен санаспай, көмек көрсетуге барын салған жастардың бұл ұмтылысы келешекке сенім, азаматтарға күш сыйлайтыны сөзсіз. Күрделі кезеңде бірлігін танытып, қиын шақта жұмыла білген елдің індетті жеңер күні де алыс емес екені анық. Тек ғана бірлік бекем, ынтымақ асқақ болса, еңсермес шың, алынбас қамал жоқ.
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ