Жас құрылысшылар жасағының қатары толығуда
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен 2019 жылы маусым айының 11 күні сағат 16-00де Сұлтан Бейбарыс көшесі №5 мекен-жайында орналасқан Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің спорт алаңында мекемелер мен кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.
Аталмыш шараға 8 командадан құралған 40-тан аса жас қатысты. Шараның басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру болып табылады. Осы бағыттағы шаралар «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының тарапынан алдағы уақытта көптеп ұйымдастырылады.
«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Тынымбайұлының айтуынша, негізі еңбек жасағы жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып маусымдық кезеңде құрылыс нысандарында жұмыс жасауына ықпал жасайды. Бірлестік тарапынан спорттық шаралар, шеберлік сағаттары сонымен қатар кездесулер ұдайы ұйымсдастырылып отырады.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен 2019 жылы маусым айының 6-17 күндері аудандар мен Байқоңыр қаласында қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Шараның басты мақсаты жұмыссыз жастарды, студенттерді сонымен қоса ауыл азаматтарын маусымдық кезеңде «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының қатарына шақыруға ықпал жасау.
Шара барысында 2500-ге жуық таратпа материалдар таратылып, 450-ге жуық жас қоғамдық кеңес алды. Аталмыш кездесу нәтижесінде еңбек жасағында жұмыс жасауға ниетті жастар саны өсіп өтінім берген жастың барлығы құрылыс мекемелеріне 60-80 мың теңге көлеміндегі жалақыға жұмысқа орналасты.

"Ақмешіт-ақпарат".