Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жарықтың жайын жаққан білер

Жарықтың жайын жаққан білер






Иә, қазір жарықсыз күнің ғаріп. Қай кезде де солай болған. Тек уақыт өткен сайын оған деген тәуелділік, тұтынушылық артып келеді. Үйіңде бір сағат жарық өшсе, тіршілігің тынғандай тыным таппай кететініміз бар.
Қазір шүкір дейтін халдеміз. Бұрынғыдай сағаттап жарықсыз, кейде тіпті бірнеше күнге созылатын заман өткен. Тұрғындардың басты қажеттілігі болған соң қалада жарықтың тұрақты берілуі жолға қойылған.
Десек те шет аймақтағы тұрғындардан жарықтың өшуі, кешкілік уақытта қуат күшінің әлсіреуі сынды шағымдар болып жатады. Аталған мәселені шешу жолыңда соңғы жылдары біршама тірлік атқарылды. Электр желілері, қосалқы станциялар жаңартылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі күнге дейін тоқтаған жоқ.
Мәселен бүгінгі таңда қала орталығы мен Арай, Шымбай, Ақмешіт, Мерей, Шұғыла мөлтек ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциялар мен көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы 10 кВ кабель желісі күрделі, ВЛ-0,4 кВ әуе желісі ағымдағы жөндеуден өтуде. Қосалқы станциядағы трансформаторлық ақауды жою үшін оқшаулау, тазарту жұмысы жасалған. Сонымен бірге Саяхат ауданында жаңадан салынған электр желісіне абоненттер қосылған.
Дәл осы бағыттағы жұмыстар Қызылжарма, Титов, Гагарин, КБИ, Шанхай аумағында да орындалуда. Ондағы 146 км болатын электржелілік жүйе жаңғыртылып, 8,1 км болатын транформаторлық қосалқы станциялардың аралық желілері қалыпқа келтірілген. Тұрғындар өтінішіне сай ақауларды жою үшін оқшаулау, тазалау жұмысы тұрақты жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары Тасбөгет кенті мен Сабалақ саяжайында да қолға алынған. Кентте 10кВ қосалқы станциялар арасындағы 19 км әуе желісі мен 15 км электр желісіне күрделі, 3,5 км ағымдағы жөндеу жасалуда. Ал, Сабалақ саяжайында 17,69 км әуе, 11,4 км трансформаторлық қосалқы станциядан шығатын электр жеткізу желісі, 6 трансформаторлық қосалқы станция монтаждау жұмысы жүргізілген.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, карантин режиміне қарамастан «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК мекемесі тұрақты жұмыс істеуде. Мұның барлығы ауа райы салдарынан орын алатын ақаулардың алдын алу, болдырмау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
А.СЕЙІЛ
18 шілде 2020 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам