Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайта келген 42500

Қайта келген 42500


Індеттің белең алуы барлық саланы бүйірден қысып-ақ тұр. Қаншама жұмыс орны жұмысын тоқтатып, қызметкерлері табысынан айырылуға мәжбүр. Жұмыссыздық әсіресе, қарапайым халық үшін оңай емес.
Апта басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимінің тағы екі аптаға созылатынын өзінің твиттер парақшасында жариялаған. Солай ел-жұрт шілде айының соңына дейін талапқа бағынуы тиіс. Амандық-саулық үшін қажет, бұл. Өміріңнен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан жағдай тұрақталмайынша осылай жалғаспақ. Дегенмен, көпшілікті уайымдатқаны әлеуметтік ахуал. Жұмыссыз қалғандар қайтіп күн көрмек? Деннің саулығы үшін үйде болғанымен, бала-шағаның ішер асына ақша керек.
Бұл ретте мұқтаж жандарға 42500 теңге көлемінде төлем берілмек. Президенттің әлеуметтік парақшасында жарияланған жазбасын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов растады. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте:
– Мемлекет басшысының тапсырмасыменҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруаясында коронавирустық инфекцияға байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін қатаң шектеу шараларын енгізу салдарынан табысын жоғалтқан мұқтаж азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  ең төменгі жалақы (42500) мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады, - деді ол.


БӘРІ ДЕ ҮМІТТІ
Жалпы көлемі қанша болса да, дәл қазіргі сәтте жұртшылық қаржылай қолдауға зәру. Төлем төленетіні расталғаннан бері оның кімдерге төленетіні басты сұрақ. Тұрғындар аталған жағдайда белгіленген санаттардың қатарында бар-жоғын білмей дал. Біржолғы төлемнен бәрі де үмітті.

СОНЫМЕН...
42500 теңге жұрт арасында тағы да жыр болатын сияқты. Брифинг барысында төлемнің кімдерге берілетіні нақты айтылған.
Бір реттік жәрдемақы алдымен жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлерге төленеді. Олар үшін өтінімді жұмыс беруші әзірлейді.
Екіншіден, карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға тағайындалады.
Бүгінде министрлік біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидасын әзірледі. Аталған санаттағылардың қазіргі уақытта өтініш беруге мүмкіндігі бар.  Ал, келер аптадан бастап 42500 теңге тиісті азаматтарға тағайындала бастайды.


ЕШҚАНДАЙ ТӨЛЕМ ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ ЕМЕС
Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, бірақ ресми тіркелмеген азаматтар бір реттік төлемге қол жеткізу үшін бірыңғай жиынтық төлем төлеген болатын. Ол қалалықтар үшін 1АЕК болса, ауылдықтарға 0,5 АЕК құрайды.
Бұл жолы мұндай санаттағы азаматтарға аталған төлемді жасау міндеттелмейді.
Айдана СЕЙІЛ
18 шілде 2020 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам