Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ауыл — аймақ ажары

Ауыл — аймақ ажары


Сейсенбі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты ауылдарды аралап, республикалық «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады.

АҚСУАТТАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Шаһар басшысы алдымен «Ауыл – ел бесігі»  республикалық бағдарламасы аясында қаржылай қолдау тапқан Ақсуат ауылдық округіндегі  №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Іргетасы ілгеріде қаланған оқу ғимараты көптен жөндеу көрмеген. Мұнда биылғы жылы 1 үздік аттестат, 2 алтын белгі иегері шықты.
Жөндеу  жұмыстары негізінде жергілікті жұмыссыз жүрген 40 азамат жұмыспен қамтылған. Құрылыс барысын аралау барысында шахар басшысы ішкі жұмыстарда бірқатар олқылықтарды анықтап, келісім шартты қайта зерделеуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Мұнан кейін қала әкімі ауыл орталағында орналасып, бұған дейін жөндеу көрмеген Үміт Тоқмағамбетова көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын  көрді.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ
– Осы ауылда тұрғаныма 70 жылға жуықтады. Жауын жауса көшемізден балалар түгілі үлкендерге жүру мұң болатын. Енді, міне, тақтайдай тегіс тас жолға жеткенімізді көріп қуанышымыз еселегендей болды. Ізгілікті істің бастамашысы болған басшыларға аталық алғысымды айтамын. Қазір ауылымыз жыл сайын жаңарып, жасарып келеді. Қоныстанушылар қатары көбейіп келеді. Өрісіміз өркендеуде, – дейді ауыл тұрғыны Бисенбай Бодықов ақсуаттықтардың атынан алғысын жеткізіп.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Ақсуатта 16 көше  «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы бойынша орташа жөндеуден өтіп, оның 7 көшесіне асфальт салынса, қалған 9 көшеге қиыршық  тас төселетін болады. Мұнан бөлек тағы бір көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асуда. Ал, жергілікті бюджет есебінен 1 көшеге тас төсеу және тұрғындар үшін ауыл орталығына спорттық көше тренажерін орнатуға қаржы бөлінген. Сонымен қатар,  өткен жылы күрделі жөндеуден өткен «Асыл-Ай» бөбекжай – бақшасына қажетті жабдықтар алуға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

ҚҰРЫЛЫСТЫ ХАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАЙДЫ
«Ауыл - ел бесігі» деп аты айтып тұрғандай бағдарлама ақсуаттықтар үшін тиімді болып тұр. Бұған дейін амбулатория, мәдениет үйі жаңадан салынып, енді міне мектеп күрделі жөндеуден өтуде. «Мұндағы құрылыс қарқынын, жұмыс барысын басталғалы бері бақылауда ұстап отырмыз. Алдағы уақытта да үнемі қадағалауда ұстаймыз» деген қала әкімі кейде жоба аяқталғаннан кейін сапаға қатысты мәселелер туындап жататынын айтты. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін алдын-алу мақсатында  ауылдың ардагерлер кеңесі мен тұрғындары жұмыс барысын бақылай алатынын жеткізді. Н.Нәлібаев ауыл әкіміне барлық жұмысты саралап, жолды лабораториялық тексерістен өткізіп барып, қабылдауды тапсырды.
Сонымен бірге қаладан пайдалануға жарамды бағдаршам, жарық бағаналары, жаяу жүргінші жолдарына қажетті құрылыс заттарын тиімді пайдаланып, ауылдың қажеттілігіне жарату керектігі айтылды.

САЯЖАЙҒА СУ БЕРІЛДІ
Биыл Наурыз саяжайы үшін жағымды жаңалықтың бірі ауыз су жинау қоймасының құрылысы аяқталып, тұрғындар толықтай ауыз су жүйесіне қосылды. «Су қоймасы осы уақытқа дейін суды сырттан тасып ішіп, тіршілік көзінен тапшылық көрген саяжай тұрғындарының тұрмысын жеңілдетті», –  дейді саяжай тұрғыны Мақпал Шахкөзва жылы лебізін жеткізіп.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан ауыз су жинау қоймасын «Мелиоратор» серіктестігі салды.
Одан әрі қала әкімінің аралау жұмысы Ақжарма ауылдық округінде жалғасты. Мұнда 100 орындық «Облыстық наркология орталығына» қарасты медициналық бөлімшені қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Болашақ Интернэйшн Девелопмент» ЖШС мекемесі құрылыс жүргізуде. Нұрлыбек Машбекұлы жауапты мекеменің жұмысын қадағалау болатынын ескертіп, нысандағы жөндеу жұмыстары қазан айының басында аяқтау керектігін қадап айтты.

ЖОЛ ҚАДІРІН
ЖҮРГЕН БІЛЕР...
Ақжарма ауылдық округінде осы жылы жол мәселелері толығымен шешілуде. Елді мекендегі Тоғай көшесінде бұған дейін асфальт болмаған. Мұндағы жол жөндеу жұмыстарын шаһар басшысы өзі арнайы тексеріп, ауыл шетіндегі қалған көшелердегі құрылыстарды жыл соңына дейін сапалы бітіруін сала басшысына тиянақты тапсырды. Ауыл орталығында бұдан бөлек жергілікті бюджеттен спорттық көше тренажерін, жарық бағаналарын орнатуға қаржы бөлініп, жоба сәтті аяқталып, пайдаланауға берілді.  Қазіргі таңда, Ақжарма ауылдық округінде 6 көшеге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 1, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына сай 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша барлығы 1850 адам жұмыспен қамтылған. Оның 1271-жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған азаматтар. Атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік ел игілігі үшін жасалауда.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
18 шілде 2020 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам