ҚАЗАЛЫДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ
Қазалы ауданында жанар-жағармай бағасы мен тапшылық мәселесі қатаң бақылауда. Жергілікті әкімдік тарапынан бөлшек саудадағы жанар-жағармай бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев жанар-жағармай құю бекеттерінің өкілдерімен кездесіп, бағаны орынсыз көтермеу жөнінде тапсырды. Айта кетейік, бүгінгі күні АИ-80 маркалы бензинінің бағасы – 89 теңге, АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы– 154 теңге, дизель отыны – 148 теңгені құрайды.