Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада көлік қаққан әйел нәрестесімен бірге көз жұмды

Қызылордада көлік қаққан әйел нәрестесімен бірге көз жұмды

Қызылорда қаласында жеңіл көлік иесі 4 адамды қағып кетті. Оқыс оқиғадан екі адам қаза болып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға Тасбөгет кентінде 23 шілдеде жергілікті уақытпен 22.50-де болған. «ВАЗ-2114» көлігінің иесі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Ол «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікке жанай соғып, содан кейін жол жиегінде келе жатқан төрт адамды қағып кеткен. «Оқиғадан жол жиегінде келе жатқан 28 жастағы азаматша мен оның нәрестесі сол жерде көз жұмды. Екі адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Онда абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. Оқиға барысында жарақат алған кінәлі жүргізушінің жансақтау бөліміне жеткізілген. Осыған байланысты оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Бұдан бұрын Қызылордада 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды.

24 шілде 2020 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам