Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » №5 қалалық емхананың инфекционист дәрігері Ғалия МЕЙІРМАНОВА: ВИРУС ағзаға түскенде қауіпті

№5 қалалық емхананың инфекционист дәрігері Ғалия МЕЙІРМАНОВА: ВИРУС ағзаға түскенде қауіпті

– Коронавирус жаңадан пайда болған инфекция емес. Бұл ең алғаш 1965 жылы тараған екен. Сонымен бірге 45 түрі бар. Ал бүгінгі күні әлемді жайлаған вирустың мутацияланған түрі. Жалпы вирустың бактериядан ерекшелігі сыртқы ортада тіршілік ете алмайды. Яғни, вирусты инфекция ағзаға түскенде ғана өзінің қауіптілігін көрсете бастайды. Ол ағзаға ластанған зат арқылы, науқас адамнан сау адамға түшкіргенде немесе жөтелгенде сілекей арқылы жұғады.
Медицинада вирусты ДНК-лы және РНК-лы деп бөледі. Тәжді вирус РНК-лы болғандықтан құрамы күрделі. Оған қарсы дәрі-дәрмектің, вакцинаның болмауы осымен бай­ланысты. Бұл әлі күнге дейін зерттелу үстінде. РНК вирустың құрамының күрделілігі соншалық адам ағзасына түскенде өкпенің қабынуына, жедел асқынуларға әкеп соғады. Сондай-ақ коронавирус асқазан, ішек жолдарына түсіп, жедел ішек инфекциясы ретінде өтуі де мүмкін. Бұл да өз кезегінде ағзаның сусыздануын тудырады.
Қазіргі таңда тұрғындар сақтық шарасына баса мән беруі тиіс. Емханада әр аумаққа жауапты дәрігер мен медбикелер бар. Солармен тығыз байланыста болған дұрыс. Дене қызуы көтеріліп, бойда әлсіздік болса, тамақтың ауырсынуы байқалып, еркін тыныстау қиынға соқса тез арада дәрігерге хабар берген абзал. Науқастар көбіне уақыт өткізіп алып жатады. Тәжді вирусты өз бетінше емдеуге болмайды. Міндетті түрде маманның ем-домы қажет. Дәм, иіс сезбей қалған жағдайда спиртті иіскеу, ас содасымен ингаляция жасау да денсаулыққа зиян. Сонымен қатар, коронавирус антибиотикпен емделмейді.
Тәжді инфекция алғашқы 3-4 күнде мұрын және жұтқыншақта болады. Ол қанға лимфогенді, не гемотогенді жолмен түспей тұрғанда әр екі-үш сағат сайын тұзды су немесе ас содасымен тамақты қайта-қайта шаю керек. Бұл өз кезегінде вирус көлемінің азаюына септігін тигізеді. Себебі, вирус ағзаға түс­кенде толығымен жойылып кет­пейді. Сондықтан бұрын ауырған науқастарға «емделіп шықтым» деп еркінсуге болмайды. Бұл тәжді тажалдың алдын-алуда күніге 2 литр шамасында су ішіп (әр адамға салмағына қарай тағайындалады), қимыл қозғалысты арттырып, ты­ныс алу жаттығуларын жасағаны жөн. Бастысы – қорқынышқа бой алдырмаңыз.
Дайындаған А.СЕЙІЛ
28 шілде 2020 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам