Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Электрондық билет жүйесі енгізілді

Электрондық билет жүйесі енгізілді

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесі енгізілді. Осыған орай, қыркүйек айынан бастап қалалық машруттарда сараланған тариф жүргізіледі. Қолма-қол төлем 120 теңге, ал электронды төлем 90 теңгеге тұрақтамақ. Бүгінде қаладағы 89 қоғамдық көлікке аталған жүйенің терминалдары мен валидаторы орнатылған.
– «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды түрде жолақысын төлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Соның негізінде «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС мен «Алемпей» ЖШС, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Қызылорда қаласының тұрғын-үй комммуналдық шаруашылығы, жо­лау­шылар көлігі және авто­мобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» арасында 4 жақ­ты келісім-шарт жасалған болатын. Бүгінге дейін 20 мың дана оқушы картасы мен 50 мың дана ересектерге арналған көлік карта келді. Карталардың сатылымы еліміздегі пандемия жағдайына байланысты біршама кешіктірілді. Қазіргі таңда автопарктің қалаішілік бағыт­тарында жүргізушілер арқылы көлік карталары сатылуда, – деді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов қала әкімдігінің баспасөз мәслихатында өткен брифингте. 
Мамандардың сөзіне сүйенсек, электрондық жүйенің басымдықтары көп. Мәселен, 9 түрлі төлем түрінде жолақысын төлеуге болады, ол қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымының ашықтығын көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір төленген төлем жеке тасымалдаушы кәсіпкердің жеке шоттарына түсіп отырады.
Электронды билет жүйесі – қалаішілік қоғамдық көліктердегі жолаушы мен тасымал­даушылардың өзара сенімділігін мен мәдениет­тілігін қалыптас­тырады.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
04 тамыз 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам