Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда кәсіпкерлері ауруханаларға 39,7 млн теңгенің медициналық жабдықтарын табыстады

Қызылорда кәсіпкерлері ауруханаларға 39,7 млн теңгенің медициналық жабдықтарын табыстады

Қызылорда қаласында кәсіпкерлер медициналық мекемелерге жалпы құны 39,7 млн. теңгені құрайтын 1 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен 15 оттегі концентраторын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы бірқатар медициналық мекемені аралау барысында емдеу мекемелерінің жай-күйімен танысты. Айта кетелік, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен және кәсіпкерлердің қолдауымен 39,7 млн. теңгеге медициналық жабдықтар алынған болатын. Нәтижесінде емдеу орындарына 1 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен 15 оттегі концентраторы табысталды. Оларды алуға «Сәт-Сервис», «Бақ-Береке 2030», «Асанас-Дар», «МетПромМонтаж», «Нұр-Ай Ақжол», «Алтын Айдарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Сапақ» өндірістік кооперативі қаржылай қолдау көрсетті. Жаңа құрылғылар қалалық, облыстық жұқпалы аурулар, облыстық балалар ауруханаларына және «Ана мен бала» орталығына табысталды. Қала әкімі сын сәтте демеушілік танытқан кәсіпкерлерге тұрғындар атынан алғыс білдірді.
Нұрлыбек Нәлібаев одан кейін медицина саласындағы мәселелерге назар салды. Мәселен облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова өзі басқаратын емдеу мекемесінің реанимация бөліміне жөндеу қажет екенін мәлімдеді. Негізінде 12 орынға лайықталған орталық 3 жылдан бері тек ағымдық жөндеуден өтіп келген. Алайда, жансақтау бөлімі толығымен жаңалауды қажет етеді. Бұл мәселені қала әкімі демеушілік есебінен жақын уақытта шешіп беретінін жеткізді. Айта кетейік, қауіпті вируспен күресте жергілікті еріктілер де белсенділік танытты. Олардың қатарында кәсіпкерлер, құрылысшылар және мәслихат депуттары да бар. Пандемия кезінде 400-ден астам дәрігер отбасынан оқшауланып, белгіленген ғимараттарға орналастырылды. Оларға қала кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Мәселен, «Қызылорда» қонақ үйі 110 дәрігерді жатын орынмен қамтамасыз етсе, «Бәйтерек» қонақ үйінде 49 дәрігердің демалуына жағдай жасалды. Сондай-ақ, «Арбат» қонақ үйінде облыстық туберкулез диспансерінің 30 дәрігеріне орын берілді.


05 тамыз 2020 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам