Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕМДЕУ ОРНЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

ЕМДЕУ ОРНЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

  Қызылорда қаласының орталығында эндокринология және жалпы терапия бағытындағы медициналық «Августина» емханасы ашылды. Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған емдеу орнының ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Қала басшысы тұрғындарды жаңа медициналық орынның ел игілігіне айналуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді.
– Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы – адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында сан алуан әлеуметтік нысандар іске қосылды. Облыс орталығында денсаулық сақтау нысандарының санын арттыруға қосқан үлесі үшін жоба жетекшісі Сергей Кимге алғыс білдіремін, жаңа бастамаңызға табыс тілеймін, – деді Н.Нәлібаев.
Нысанның құрылысын «Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Жобаның жалпы құны – 550 млн. теңге. Оның 130 млн. теңгесі «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
Жалпы алғанда, 1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа емханада халық денсаулығын жақсарту үшін заманауи медициналық жабдықтар бар. Сондай-ақ, мұнда бүгінгі күн талабына сай қызметті үйлестіру жүйелері ендірілген. Емдеу орнында терапиялық қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Аталмыш клиника 40 адамды тұрақты еңбекпен қамтыған. Орталық бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттырады деп күтілуде.


Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам